Мазмұнға өту

Жаңа

Самбо күресінің дзюдодан айырмашылығы

Әлемдегі ең қауіпті жекпе-жектердің бірі - самбо. 1930 жылы пайда болған күрестің бұл түрі "қару-жарақсыз қорғану" дегенді білдіреді. Самбо бірнеше жекпе-жек түрлерінен біріктірілген, оның ішінде дзюдо да бар. Ол бүгінге дейін олимпиада бағдарламасына енбегендіктен, самбомен айналысқандар үлкен сайыстарда дзюдодан сайысқа түседі.

0
1
507

Қыз бен жігіттің айтысы (студенттер көрінісі)

Қазақ халқының салт-дәстүрінің ішіндегі ең бір әсер беретіні - қыз бен жігіттің айтысы. Қыз бен жігіттің айтысы айтыстың бір түрі. Бұл айтыстың басқа айтыстардан негізгі айырмашылығы — айтысқа түскен қыз бен жігіт арасында әзіл-қалжың, сондай-ақ әлеуметтік жағдай көбірек сөз болады. Қазақ халқының осы қыз бен жігіттің айтысы арқылы тарихта қалғандар мына бабаларымыз: Әсет пен Ырысжан, Ұлбике мен Күдері, Сара мен Біржан, Ләтипа мен Кенен бабаларымыз тағы басқа да айтыскерлер бар. Енді, қазіргі таңда ондай айтыстарды жиі көре бермейтініміз анық. Әй, қыздар-ай, қыздар-ай, тың тыңдағанды жақсы көретін аса бір жансындар ғой! Қыздар жақтан жеңгелері шықты. Қызықтың көкесі әлі алда деген сөз. Мынау тұрған жас жігіт жеңгеге білезік сыйлады, әйтпесе жеңгей қызды жібермей қоюмы мүмкін. Жас жігіттің…

8
6
27996

Иман туралы кітап

Жақында белгілі исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлының "Имани гүл" аталатын жаңа еңбегі жарық көрді. Көпшілік қауымға арналған кітапта иман негіздері сөз етіліп, бүгінгі қоғамды мазалап жүрген сан-алуан сұрақтарға жауап беріледі. "Имани гүл" деген не және оған қалай қол жеткізуге болады?

1
0
1043

nur.kz-те кездескен бір ауыз сөз..

аталмыш сайттың басты тақырыптарының бірі, Бибігүл Төлегенованың әлгі дау шығарған хаттан бас тартуы.. пікірлерді оқып отырсам, біреулер "татар бар жерде қатер бар" деп жазып қойыпты. Қашаннан бері олай? Кім ол сөзді ойлап тапқан? Неге? Қазақ пен татар түркі тілдес халық қой, бір-бірімізді қалай жамандаймыз? Өкінішті-ақ..

Жоқ әлде мен бірдемені түсінбей жүрмін бе?

0
1
1451

Жетісу ұйғырлары

Бұл ұлттың Қазақстан аумағында пайда болуы туралы алғашқы жазбалар 19 ғасырдың аяғына қарай шықты. Қытайдың отаршылдық саясатымен келіспеген және одан жабыққан адамдар патшалық өкіметтен пана іздеп, Қытайдан Жетісуға және Қырғызстанға қашуға мәжбүр болды.

0
0
241

Тараздағы «Һибатулла Тарази» мешіті

Қайта жаңарған орталық мешіт. 2007 жылы Еліміздің Президенті Жамбыл облысына келген сапары кезінде салтанатты түрде ашқан болатын. 2011 жылы 27 шілдеде қасиетті Рамазан айының алдында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев қайта жаңарған мешітті салтанатты түрде ашты. Мешіт үйіне күрделі жөндеу жүргізген «Құлагер» компаниясы. Мешіт ғимаратын мәрмәр таспен қаптаған. Облыс орталығы, 2000 жыл тарихы бар Тараз қаласының орталық көшелерінің бірі - Төле би даңғылының бойында орналасқан. Қайта жаңарған орталық мешітте ұлтымыздың барлық ою-өрнектері қолданылған. Мешіт – адамды имандылыққа бастайтын орын. Ал, бақыттың негізі – иманда екендігі белгілі. Бүгінде орталық мешіт қалаға көрік беретін әдемі архитектуралық нысанға айналып отыр. Мешіттің күмбезі үлкейтілді. Сырты мен минареті шығыс үлгісінд…