Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан солшыл жастарының бірінші форумы

Қазіргі таңда Қазақстанда төңкеріске таяу жағдай қалыптасты, сондықтан мұндай кезеңде елдің солшыл күштердің консолидациясы (социалистік және коммунистік) ерекше мән алады. Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның солшыл күштері бір шешімге келе алмай, жеке- жеке жұмыс істеуде, ал буржуазиялық, ұлтшылдық идея халықтың арасында кең таралуда. Социалистік қозғалыстар мен олардың белсенділері мұндай сәтті қолға алуы керек. Біз, Қазақстанның студенттері мен жастарының тәуелсіз кәсіподағы өздігімен немесе басқа солшыл ұйымдармен бірлесе отырып, талқылау ұйымдастыруға дайынбыз: Алматы қаласындағы Бірінші «Қазақстан Солшыл Жастарының Форумы» төмендегідей тақырыптардың төңірегінде өтеді: 1.Қазақстандағы қозғалыстар мен солшыл ұйымдардың арасындағы диалог; 2. Жастар социализмді таңдайды! 3. Қарар:Бірінші «Қаз…

1
2
620

Жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген

Кентаулықтар ғана емес, көкшеліктер де ақырған ақпанда қалтырап отыр. Облыс орталығындағы көпқабатты үйдің тұрғындары қыстың көзі қырауда пәтерлерінің мұздап кеткенін айтып шағымдануда. «Мәселе тұрғын үйді модернизациялау жұмысы сапасыз жүргізілгендігінде» дейді көкшетаулықтар. Дина Иназарова - екі баланың анасы. Нәрестелері балабақшаға барады. Екі жылдан бері осы үйде тұрып жатқан жас отбасы биыл қыста қатты қиналып отыр. Арқадағы сары аяз жығылғанға жұдырық болғандай. Бірінші қабаттағы пәтердің қабырғаларына мұз құрсауланып, бұрыш-бұрышын қырау басқан. Дина Иназарова, Көкшетау қаласының тұрғыны: Аяз қалай көтерілді, пәтеріміз солай суытты. Қазір үйдің іші ызғар. Балалар киімдерін шешпейді. Жаңа жылға дейін жылы болды, тіпті әйнектерді ашып қойған кездеріміз де бар, ал қазір неге екенін…

0
0
425

Төтенше жағдайға жол бергендер жазаланды

Бірнеше күн бойына сарышұнақ аяз бен қаһарлы суықтың құрсауында қалған біздің Кентау қаласына бүгін кешкісін жылу беріле бастады. «ЖылуЭнергоОрталығындағы» істен шыққан бес қазандықтың үшеуі қайта қосылды. Қазір мамандар тағы да апат бола қалған жағдайда пайдалану үшін қосалқы бір қазандықты іске қосып жатыр. Жылу жүйелерін жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарымен 8 авариялық-техникалық топ айналысуда. Оның құрамында 48 маман мен 13 дәнекерлеуші бар. Сондай-ақ бесінші «ЖылуЭнергоОрталықтағы» жеткілікті отын қоры да жасақталды. 60 тонна мазут, 15 тонна қысқы дизель отыны жеткізілді. Кенеттен қажет болып қалған жағдайға 14,5 тонна көмір де түсіріліп қойды. Қаладағы төтенше жағдайға байланысты құрылған арнайы штаб өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған. Сондай-ақ бүгі…

0
0
388

Сапасыз өнімге сан соғып қалмайық

Бүгінде сапасыз өнімге тап болып, сан соғып қалатындар жетерлік. Алайда көп жағдайда тұтынушы өз құқын даулап, кінәліні іздеп жатпайды. Болған жайды жылы жаба салуды жеңіл көреді. Содан да болар, дүкен сөрелерінде талапқа сай келмейтін өнім азаймай тұр. Өткен жылы Семейде техникалық реттеу және метрология бөлімі тексерген тұтыну тауарларының 80 пайызы талап үддесінен шықпаған. Сараптамаға ілікпей саудаланып кеткені қаншама. Сондықтан мамандар күмәнді өнімдердің жолын кесу үшін жұртшылықты жұмыла күресуге шақыруда. Сапасыз зат алып, артынан саусағын тістеп қалғандардың бірі - семейлік зейнеткер Альбина Чумачек. Қаладағы дүкендердің бірінен сатып алған төсек-орын жабдығы сапасыз болып шыққан. Альбина Чумачек, қала тұрғыны: Жақында төсек-орын жабдығын сатып алған едім, 15 күн өтпей жатып-ақ…

0
0
513

Кентауға жылу беріле бастады

Бұл Кентау қаласындағы түске дейінгі жағдай. Түс ауа шаһардағы бірқатар нысандарға жылу беріле бастады. Қазір 6 денсаулық сақтау нысаны, 11 мектеп, 11 балабақша автономды жылу беру жүйесіне қосылды. Облыстық әкімдік жылыту жүйелерін бақылау және тұрғындардың талаптарын ескеру үшін мемлекеттік ұйымдардың 190 қызметшісін жұмылдырды. Қазір жылу электор орталығында 60 тонна мазут, 15 тонна қысқы дизель отын бар. Қаладағы жылу құбырларын қалпына келтіру жұмыстары үзіліссіз жалғасуда. Жағдай қазір бір қалыпқа түсті. Бұл туралы бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен брифингте мәлімделді. Любовь Шапошникова, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі: Қазіргі кезде 5-інші қазандықтың қоректендіру жүйесін қыздыру жұмысы жүргізіліп жатыр. 7-інші қазандық іске қосылуға дайындалуда. Ал…

0
0
320

Ақша, ақша, ... АҚШ?

Ақша деген қандайды?Арын қағазға сатқанды.Ақылға сенбей, қағазбен,Адам құл болып қалғанды.Ұрпақ соған табынып,Он екі жыл жаттайды.Арманын сатып сорлы бас,Құдайды келіп даттайды.Өзін өзі жеп қойып,Құдайды сатып ақшаға.Елі менен анасын,Тастап кетті далаға. Баяғыда бір неше адам жиналып бүкіл әлемді қалай тізе бүкітіріп аяқ астына салсақ болады деген ойды мақсат тұтып ойланады. Ары ойланып, бері ойланып әбден басы қатты. Құл қылып ұстаса оған күзетші керек. Күзетші алдап кетпес үшін оған тағы күзетші қажет. Содан не керек, арасындағы бір данагөй ақылшысы ой тастайды. Адам баласын тексеріп оған күзетшіні өзегінен табу керек деп шешеді. Содан ары қарап, бері қарап адамның ішіндегі жанын көреді. - міне біздің іздегеніміз! Адам ішінде үрей бар. Сол болады бізге көмекші! Адам ішіндегі үрей бүгінг…

1
4
2826

Допты хоккейдің шайбалы хоккей "көлеңкесінен" шығар күн туды ма екен?!

Қаңтардың 29-ы мен ақпанның 5-і аралығында Алматы қаласында өткен допты хоккейден әлем чемпионаты, осы спорт түрінің қазақ жерінде дамуына үлкен серпіліс болатынына күмәнім жоқ. Осынау ірі доданың қазақ жерінде өтуі, допты хоккейдің әлем федерациясының Қазақстанға деген сенімі мен құрметінің белгісі. Кеңестік дәуір кезінде талай топ жарған қазақ командалары, бұрыннан допты хоккейді сүйіп көретін жанкүйерлердің әлі есінде. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл аса тартымды спорт түрінің дағдарыс кезеңі басталды. Кезінде Кеңес Одағының чемпионы, Еуропа кубогының иегері болған даңқты "Динамо" клубының құлдырауы, Қазақстанның допты хоккейден қол үзуіне себеп болды. Әлемге аты шулы болған "Динамо" клубының көптеген дарынды хоккейшілері бас сауғалап жан-жаққа тарап кетті. Осындай қиын жағдайлардан кей…

0
0
864