Жаңа
«Таңшолпан». Таңғы ақпаратты-сазды бағдарлама
«Айтуға оңай...»
Алла, ауылдың ақхалаттысынан сақта...
Ия, Алла, ауылдың доқтырынан сақта! Әбігерге түскенде ауызға Алла түседі екен, шаласауатты доқтырлардың шалағай ісінен сап-сау бала жансақтау\реанимация\ бөлімінен бірақ шыққаннан кейін, құдайға жалбарынған басқа, бүгінде ауыл адамдарының қолдарынан басқа ешнәрсе келмейді екен. Алыс-шалғай емес, экономикалық дамыған Қазақстанның бетке ұстар қаласы Алматының түбінде тұрған ауылдардағы сауатсыз медиктердің ісінен кейін, не өзіңе, не құдайға ғана сенім қалады екен. Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық аумағына қарасты, Байбосын-Қаратөбе ауылының он жасар тұрғыны Дастан Б. қарапайым ғана құлақ ауыруынан отиттен, менингит ауыруына шалдығып, Каскелеңдегі инфекция жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шықты. Бала болғанна кейін суға түспейтін бала бола ма, ал бұл ауылда…