Мазмұнға өту

Жаңа

Абай облысы Аягөз ауданында мыс балқыту зауыты салынады

Бұл туралы Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Айбек Рахымбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.Оның айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру арқылы Қазақстан шикізатты емес, дайын өнімді экспорттауға мүмкіндік алады.– Жалпы құны 587 миллиард теңге болатын мыс балқыту зауытының құрылысы Аягөз ауданында жүзеге асырылады. Мұндай кәсіпорын еліміз үшін аса қажет. Қазіргі таңда Қазақстанда тек Балқаш мыс зауыты жұмыс істейді, ал кен мен концентрат шетелге жіберіледі. Егер бұл жоба жүзеге асса, елімізде өндірілетін бүкіл мыс ішкі нарықта өңделетін болады, – деді Айбек Рахымбеков.Сонымен қатар, ол шетелдік инвесторлардың қатысуымен аймақта бірнеше жоба сәтті іске асырылып жатқанын айтты. Мысал ретінде Қытаймен бірл…

0
0
221

Абай облысында атаулы әлеуметтік көмекпен 36 мыңнан астам адамды қамту көзделген

Аймақта биыл атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 36 371 адамға беру жоспарланған. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбектің айтуынша, биыл 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі халықтың медиандық кірісінің 35%-ы мөлшерінде, бірақ өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен емес мөлшерде белгіленді.– Бүгінде Абай облысының 2 қаласы мен 10 ауданында Мансап орталықтары жұмыс істейді. АӘК-ке мұқтаж азаматтарды қабылдау үшін 111 маман қызмет атқарып отыр. Биыл атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 5,8 млрд теңге бөлінді. Сонымен қатар, 6 878 балаға қосымша төлемдер ретінде 391 млн теңге қарастырылған, – деді Айман Нұрлыбек.Жыл басынан бері облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек 2 011 отбасындағы 10 3…

0
0
263

Алматыда дәмханаға келген адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды

Жақында қаладағы дәмханалардың бірінде оқиға орын алды: 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттауына жол берген. Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтады және ұстады. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.«Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз», - деді, Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.Алматы полициясы, дұрыс мінез-құлық - қоғамдағы қауіпсіздік пен өзара сыйластықтың ке…

0
0
203

Даниэль Джеймс: Менің ана тілім – қазақ тілі

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV-сессиясының қатысушысы, Африка мәдени орталығының төрағасы Даниэль Джеймс еліміздегі көпұлтты қоғам туралы пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Даниэль Джеймстің айтуынша, қазақ мәдениеті мен мемлекеттік тілге деген құрмет өзге этностарды біріктіреді. Нигериядан шыққан Даниэль Алматыда өскен. Ол қазақ тілінде еркін сөйлейді.Ағылшын тілін білемін, бірақ менің ана тілім – қазақ тілі, – дейді Даниэль Джеймс.Қазақстанды өзінің туған үйіндей көретінін айтқан Даниэль еліміздің қонақжайлығына тәнті. Оның айтуынша, шетелдіктер үшін Қазақстанда өздерін жайлы сезінуге барлық жағдай жасалған.Мұндағы адамдардың ашық-жарқын мінезі мен мейірімділігі мені әрдайым қуантады. Көшеде келе жатқанда кейде адамдар менімен суретке түсуді сұра…

0
0
205

«Семей-Астана-Семей» бағытында жаңа әуе рейсі ашылады

Семейден еліміздің ірі қалаларына қатынайтын тұрақты әуе рейстерінің саны артады. Биылғы 27 сәуірден «Семей-Астана-Семей» бағытында сыйымдылығы 48 орындық «Ан-24» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастайды. Рейсті «Южное небо» әуе компаниясы жүзеге асырады. Семейден Астанаға ұшу уақыты - кешкі сағат 18:15, Астанадан Семейге ұшу уақыты - кешкі сағат 21:15. 🔺Бұл туралы облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі халықаралық әуежайдың жұмысымен танысу барысында айтты. «Жолаушылардың өтінішін ескере отырып Көлік министрлігі, әуе компаниясы және облыс әкімдігінің үш жақты келісімі нәтижесінде осындай уағдаластыққа қол жеткіздік. 10 мамырға дейін аптасына үш рейс орындалады. Ал мамырдың ортасынан бастап ұшу жиілігі аптасына 5 ретке дейін ұлғаяды. Әуе компаниясының құрылтайшылары болашақта жаз мезгілінде қаты…

0
0
347

Алматыда «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» акциясы өтті

«Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық патриоттық акциясы аясында Алматы қаласындағы №101 мектеп-гимназиясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

Шара барысында Жетісу ауданындағы мектептердің оқушыларын жас панфиловшылар қатарына қабылдауға арналған салтанатты шара өтті. Жігіттер бабалар ерлігін есте сақтау міндетін абыроймен атқарды. Студенттер жеңістер ұрпағына дәуір рухы мен алғысын жеткізетін жарқын театрландырылған қойылымдар дайындады.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде еңбек ардагерлері, ардагерлер кеңесінің төрағалары, аты аңызға айналған И.В. Панфиловтың немересі - Айгүл Байқадамова қатысты.

Сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге және тарихи жадыны сақтауға қосқан үлесі үшін қоғамдық наградалар да табыс етілді.

0
0
263

Қазақстанда тұңғыш рет күштік құрылымдар FPV-дрон операторлары арасында “Millitary Drone Race” турнирі өтті

Сайыста ҚР Мемлекеттік күзет қызметі командасы жеңімпаз атанды, екінші орында ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы командасы, ал Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты командасы үшінші орынға ие болды.

0
0
255

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан ҚХА өкілдеріне мерейтойлық медальдар табыстады

Алматыда жаңа Достық үйі салынадыБиыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр — бұл қоғамдық институт Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған. Дәл осы Алматыда Ассамблеяны құру туралы шешім қабылданып, қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісінің негізгі қағидаттары қалыптастырылды.Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырыс өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медальды этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, мәслихат депутаттарына және Ассамблея ардагерлеріне табыс етті. Олар еліміздегі этносаралық келісімді дамытуға айтарлықтай үлес қосқан.«Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жома…

0
0
253

Шымкентте Қытайдан келген туристер полицейлерге алғыс айтты

Шымкент қалалық полиция департаментінің Instagram парақшасына шетелдік азаматтардан жүрекжарды алғыс хат келіп түсті.

Туристер қалада жүргенде телефонын жоғалтып алған. Оқиға туралы білген полицейлер дереу әрекет етіп, смартфонның таксиде қалғанын анықтады. Содан тәртіп сақшылары жолаушыларды жүргізушімен кездестіріп, жоғалған телефонды иесіне қайтарып береді. Сонымен қатар полицейлер шетелдік қонақтарға қаланың көрікті жерлері жөнінде мағлұмат беріп, бағыт-бағдар көрсеткен.

⚡️Полицейлердің жанашырлығы мен шымкенттіктердің қонақжайлылығына риза болған туристер арнайы алғыс видеосын жолдады.

https://t.me/POLICE_of_KZ/14497

0
0
310

Астанада 2025 жылдың  16–17 сәуір күндері II Орталық Азия медиафорумы өтеді

Форумда Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдердің медиа саласының жетекшілері мен сарапшылары бас қосады.Екі күн бойы өтетін панельдік сессияларда Орталық Азия мемлекеттерінің БАҚ-тары үшін жаңа даму мүмкіндіктері мен ынтымақтастық мәселелері, жаһандық медианың дамуы, болашақтың ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, жасанды интеллект пен көп деректер кезеңіндегі медианың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ ел имиджін қалыптастырудағы әлеуметтік желілердің рөлі талқыланады.Медиафорумға 500-ден астам қатысушы (отандық және шетелдік БАҚ басшылары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың баспасөз қызметі өкілдері, ЖОО студенттері, инфлюенсерлер, медиа сарапшылар және т.б.) келеді. Оларға арнап  Euronew…

0
0
188