Мазмұнға өту

Жаңа

Анама. Құттықтау.

Анашым туған күніңмен! Айнайлайын анашым сені туған күніңмен құттықтаймыйн. Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін, ешқашан ауырмашы мама! Саған, ең бастысы зор денсаулық,бақыт пен шаттықты тілеймін. Сенің айтқаныңды былжытпай орындаймын, айналайын мама! Кейде сенімен ұрысамын, салаласамын. Көбінде ойланбай дөрекі сөйлеймін саған. Бірақ, сен ренжігеніңді ешқашан білдіртпейсін. Сен мені құшағыма, бала-бақшадан бері алмағансын, бетімді, маңдайымды мектеп табалдырығын аттағаннан бастап сүймегенсін, бірақ, сенің махабатың, ана махабатың шексіз екенін сеземін. Қонаққа бөтен жаққа барсаң, қоңырау соғасын, әрдайым. Мен бір жерге кетсем, уайымдайсын. Мен саған "сіз" деп ешқашан айпағанмын, мен саған "ана", "анашым", "шеше" деп көрмедім. Сені ренжітсем кешір, мен кейде ойланбай лақ етем. Айнайлайын мама…

-3
9
35988

Қыздардың қылығына қамығамын

«Заманына қарай - адамы» демекші, батыстық өркениеттің лап беріп кіруі қыздарымыздың қылығына қатты әсер етті. «Қыз қылығымен» деген сөздің бүгінгі өмірдегі мәні көңіл көтеру орындарында түтінін бұрқыратып, еріндерімен емірене сорған темекілеріне тірелгенге ұқсайды. Бүгінде қазақтың қаракөз қыздары темекі шегуді сәнге балап, ермегіне айналдырды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда әлемде әйелдердің 12 пайызы темекі шегеді екен. Әйелдер арасында темекі шегушілік ең көп тараған ел Дания болып отыр. Ондағы әйелдердің 37 пайызы темекі шегеді екен. Ал Қазақстан халқының 35 пайызы темекі шексе, оның 10 пайызын темекіні тұрақты тұтынатын қыз-келіншектеріміздің үлесіне тиеді. Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш ұдайы өсу үстінде. Осы сандарға қарап еліміздег…

0
0
3302

Бала — болашағымыз

Бүгінгі ұрпақ - ел тұтқасын ұстар азамат. Сондықтан балаға дұрыс тәрбие беру ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Дүние есігін ашқан сәттен бастап оған ұлттық тәрбие беру, қазақы салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан хабардар ету, оның бойына отаншылдық, патиоттық сезімін ұялату – әрбір адамның борышы десек те, қазіргі таңда елімізде бала тәрбиесінің ақсаңдап бара жатқаны дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомадай ап-анық. Неге десеңіз, таңның атысы, күннің батысы жасөспірімдердің дені компьютерлік ойындарға қызығып, түнгі клубтан бір елі шықпайды. Ең сорақысы, атыс-шабыстан тұратын ойындар мен ішінде неше түрлі бәле бар «жұмбақ ғаламтор» жас жеткіншектеріміздің санасын қаптаған қара қытайдай жаулап алғанын қайтерсіз?! Күн санап қуыспақ, асық ату, жасырынбақ ойнап, ата-әжелерден ертегі, әңгіме…

0
0
2867

Мен – тәуелсіздіктің құрдасымын!

1991 жылы Қазақстан атты кең байтақ еліміз көк байрағын көкке желбіретіп, ежелден аңсаған азаттығына қол жеткізгенде мен де анамның құрсағынан жарық дүниеге шыр етіп келген едім. Содан бері тәуелсіз Қазақстанмен бірге өсіп, бірге ер жетіп, жігер-қайратымызды жандандырып, күннен-күнге гүлденіп, көркейіп келеміз. Қарап отырсам, 20 жыл деген тарих үшін қас-қағым сәт қана. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» демекші, мірдің оғындай зымырап өткен жиырма жылда еліміздің бағындырған белестері мен қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ «қап» деп сан соқтырған тұстары да аз болған жоқ. Оның бәріне мына біз бен сіз куә. Бүгінгі Қазақстанға материалистік тұрғыдан баға берер болсақ, бұл орайда еліміздің өзге ТМД елдерімен салыстырғанда көш ілгері тұрғанын нық басып айтуға болады. Әсем Астананың елікт…

0
0
2172

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы «ҚКХП таңдаулы Слоганы» және «ҚКХП таңдаулы Ұраны» атты республикалық байқау өткізеді.


Акция 17 қаңтардан 17 ақпан аралығында 2 деңгейде өтеді:

  1. Облыстық

  2. Республикалық

Облыстық тур жүлдегерлерін бағалы сыйлықтар күтуде.

Республикалық тур жүлдегерлері Астана қаласында ерекше бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық шығынды ұйымдастырушылар өз мойнына алады.

Байқауға қатысу өтінішін өз облысыңыздағы Қазақстан Коммунистік Халық партиясының облыстық комитетіне тапсыруыңызға болады.

Облыстық Комитеттің мекен-жайы мен байланыс телефондары: Тараза қаласы Желтоксан көшесі 32/17 тел. 43-67-50

0
0
836

Шашылдық – промотали

В Алма-атинском инязе на заочном отделении учился некто Малтакбаев. На период сессий он по договоренности с комендантом устраивался в общежитии. Его проживание было бурным и сопровождалось походами в ресторан. Однажды его увидели сильно грустным после очередных гуляний. Причину грусти он объяснил коротко: кеше шашылдық. В переводе с казахского это означает: вчера разбрасывались, в смысле промотали. В общем, студент заочник за короткое время растранжирил все накопленные деньги на период экзаменов. На заседании правительства по итогам 2012 года президент заявил, что 10 миллиардов долларов, выделенные на борьбу с кризисом, исчезли. Правда, позже министр экономики Ерболат Досаев дезавуировал заявление главы государства, сказав, что деньги никуда не пропали и будут возвращены. Хотелось бы в эт…