Мазмұнға өту

Жаңа

«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндірді

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі аудандық мәслихат депутаты Берік Ихсанов және "Оңтүстік-Шығыс" бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдар Джуманиязовтың қатысуымен Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын және партияның Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген отырысының қорытындыларын талқылау мақсатында жиын өтті. Кездесуде Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
203

"Ихсанов" бастауыш партия ұйымы

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен "Ихсанов" бастауыш партия ұйымының төрағасы Алтай Бақтығалиевтің қатысуымен Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын және партияның Саяси кеңесiнiң кеңейтiлген отырысының қорытындыларын талқылау мақсатында жиын өтті. «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы – бұл Елбасының саяси тәжірибесін саяси-философиялық тұрғыда ұғыну және топтастыру. Онда алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелер және халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлері ескерілген. Бұл Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат. Елбасы болашақ ұрпақ үшін егемен Қазақстан көшбасшылығының ауқымды және абсолютті формуласы көрініс тапқан қағидаттар жиынтығын ұсынды. Жиынға қатысушылар өз тараптарына…

0
0
186

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын түсіндірді

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев және ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Саида Избасова «Батыс» бастауыш партия ұйымына қарасты "Мектептен тыс жұмыстар орталығы " мен «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» мекмелерінің ұжымымен кездесті. Кездесуде күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықт…

0
0
173

Күйгенкөл ауылдық округіне жаңа әкім сайланды

Бүгін Күйгенкөл ауылдық округі бойынша тізімге енгізілген 532 сайлаушының 76,31 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Диана Бурекешоваға 7, Ұшқын Ғазезовке 16, Саят Тарғыновқа 364 дауыс берілді.

Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған Саят Тарғынов Күйгенкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Саят Бауыржанұлы Тарғынов 1989 жылы туылған. Ұлты қазақ. Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған. «Nur Otan» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жасқайрат ауылының тұрғыны.

0
0
160

Тұрғындарды қабылдады

Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев тұрғындарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауда болған Жәнібек ауылының тұрғындары Любовь Садрединова мен Гүлайым Жұмақаева атаулы әлеуметтік көмек, Сағида Аққалиева, Ұлболсын Қабышева және Мәрия Анисова тұрғын үй мәселесімен жүгінді. Олардың өтініштерін мұқият тыңдаған аудан басшысы дербес бөлім басшылары мен бас мамандарына тұрғындар мәселесін қажетіне қарай шешу жөнінде тапсырма беріп, қабылдауға келгендерге өз тарапынан ұсыныс-пікірін де айтты.

0
0
183

"Елеулі еңбегі үшін" медалімен марапаттады.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Ауыл шаруашылық күніне байланысты бұрынғы "Социалистік жарыстың жеңімпазы" белгісі иегері, қазіргі таңда ауылымыздың құрметті ақсақалы М.Батталовты аудан әкімі А.С.Сафималиев "Елеулі еңбегі үшін" медалімен марапаттады.

0
0
394

«Жәнібек» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Біржан Қуанәлиев «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
175

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы, аудандық жұмыспен қамту орталығында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады. Қабылдау барысында Жәнібек ауданы Тау ауылының тұрғыны Бимуханова Әдемі 16 жасқа толмаған мүгедектігі бар баласы Досетов Расулға жеке оңалту бағдарламасы бойынша «кресло стол» қажет екенін тілге тиек етсе, алдағы уақытта портал арқылы шешілетіндігін түсіндірді.

0
0
136

Мен Нұротандықпын

Мен Нұротандықпын Акишев Асхат Рафхатұлы. Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының Қамысты ауылы бойынша жастар кеңесші маманы.Nur Otan – Қазақстанның қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Ол – еліміздегі жетекші саяси күш!Қазақстан үшін сындарлы сәттерде нұротандықтар әрдайым халықтың жанынан табылып, қиын да күрделі міндеттерді атқарып келеді. Заман алдымызға тартқан сан түрлі сауалдарға біздің дайын жауабымыз болған жоқ. Соған қарамастан еңбектене жүріп үйрендік, қажетті тәжірибе жинақтадық.Елбасы ұстанған бағыт-бағдардың төңірегіне ынтымақтасуға, бірігуге үндейді. Біз Елбасының саяси бағытының сабақтастығы мен тұрақтылығын қолдаймыз. Мен "Нұр Отан" партиясының мүшесі болғанымды мақтан етемін!#меннұротандықпын #япартиец #бастауышпартиянегізі2021 #перв…

0
0
119