Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тұрғындарды қабылдады

Бүгін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев тұрғындарды жеке өтініштері бойынша қабылдады. Қабылдауда болған Жәнібек ауылының тұрғындары Любовь Садрединова мен Гүлайым Жұмақаева атаулы әлеуметтік көмек, Сағида Аққалиева, Ұлболсын Қабышева және Мәрия Анисова тұрғын үй мәселесімен жүгінді. Олардың өтініштерін мұқият тыңдаған аудан басшысы дербес бөлім басшылары мен бас мамандарына тұрғындар мәселесін қажетіне қарай шешу жөнінде тапсырма беріп, қабылдауға келгендерге өз тарапынан ұсыныс-пікірін де айтты.

0
0
151

Осы тақырып бойынша