«Жәнібек» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Біржан Қуанәлиев «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

