Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Қорғаныс министрінің көңіл айтуы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков МиГ-31 ұшағының апатқа ұшырауынан қайтыс болған полковник Едігеев Марат Оразұлының отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты. «Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің атынан және өз атымнан қызметтік міндетін атқару кезінде қайтыс болған Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшқышы полковник Марат Едігеевтің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын»-, деді Қазақстан Қорғаныс министрі. ҚР Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің көңіл айтуы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшы құрамы мен әскери қызметшілері оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде қайтыс болған полковник Марат Едігеевтің қазасына қайғырып көңіл айтатындықтарын білдірді. – Біз Марат Едігеев отбасының орны толмас қайғысын бөлісеміз, және бұл…

0
0
523

Қазақстанның Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапары шеңберінде Женева кантонының Бас прокуроры Оливье Жорномен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен болашағын талқылады.

А.Дауылбаев әңгімелесушісін прокуратура органдарының алдында тұрған басты міндеттер туралы ақпараттандыра отырып, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды орнату және оны одан әрі нығайту қызметтің негізгі бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

Сұхбаттасушылар халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндеттер аясында қазіргі заманғы қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес жүргізу бойынша күш-жігерді біріктірудің өзектілігі объективті түрде артып отырғанын атап көрсетті. Сондай-ақ олар кең ауқымды құқықтық мәселелерге қатысты өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

0
0
1434

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапары барысында Әділет және полиция федералдық департаментінің Бас хатшысы Матиас Рамзауэрмен және Сыртқы істер министрлігі Статс-хатшысының орынбасары Артур Маттлимен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында А.Дауылбаев әңгімелесушілерін прокуратура органдарының қадағалау және құқық қорғау қызметі саласында қол жеткізген нәтижелерімен таныстырып, Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау үдерісі туралы хабардар етті. Еуропа Кеңесінің қылмыстық істерді жүргізу саласындағы негізгі төрт конвенциясына Қазақстанның қосылу барысы әңгіменің бөлек тақырыбы ретінде болды. М.Рамзауэр Әділет және полиция федералдық департаменті Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау үдерісін қуаттайтынын, еуропалық конвенцияларға қосылу бойынша қазақстандық бастаманы қолдау мәселесін зерделеп, аталған мәселе бойынша мемлекет басшылығын тиісті жолмен ақпараттандыруға дайын екенін білдірді. Тараптардың пікіріне сәйкес, орын алған кездесу екі елдің құқықтық жүйелерін әрі қарай нығайтуға байланысты…

0
0
374

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Швейцария Конфедерациясына сапармен барды, онда ол Бас прокурор Михаэль Лаубермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар қол жеткізілген ынтымақтастықтың деңгейіне ризашылықтарын білдіріп, оны одан әрі дамыту үшін әлеует бар екенін атап өтті. Өзара мүдделі болып танылатын, соның ішінде трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласындағы кең ауқымды мәселелер талқыланды. Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот өндірісі жөніндегі төрт конвенциясына қосылуы туралы Қазақстанның өтінімі сұхбаттың маңызды тақырыбы ретінде болды. А.Дауылбаев швейцариялық тарапты қадағалау мен құқық қорғау қызметі саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы таныстырып, қылмыстық қудалау барысында адам құқықтарын қорғауға, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық шарттарға қосылуымен байланысты міндеттемелерді орындауға прокурорлардың ерекше көңіл бөлетінін атап көрсетті. Қазақстанның Бас Прок…

0
0
487