Мазмұнға өту
nuriman

nuriman

Сайтта 2013 ж. 22 мамыр

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

4

пікір

1

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Осындайда, ауылға тартып кеткім келеді, шіркін?!

2012 жылдың күзі. Әлі қазанның қара суығы ұрмаған кез. Бес адам болып бақшаға бет алдық. Жол басшымыз Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар ауылының тұрғыны, батыр ана – Қазына әжеміз. Онан бөлек қасымызда әженің 40-тан асқан қызы, 3-4 жасар немересі және менің оператор досым бар. Мақсатым Қазына әжейдің қауынқұрт қайнатып, қақ тілгенін бейнетаспаға түсіру. Жол алыс, жеткізіп болар емес. Ала жаздайғы еңбегінің соңын жинап, тіртінектеген ауыл жұрты жүк көліктерімен бақшаларын көтеріп, ауылға ағылуда. Кенет, Қазына әже: " балам, анау жол шетінде тұрған қауын тиеген камаздың жанына тоқтасаң, аман-саулығын сұрайық" деді. Сәл аялдадық. Мал-жан амандығын сұрадық. Біраздан соң жол болсын деп тарқадық. Тоқтаған кезде қызы да түсіп, бір кісімен сөйлескен болатын. Көлікке мініп, жүре бергенде ол…

0
0
1338

Тағдырды жазған қалам көтеріліп, Парақтан сия кепкен әлде қашан.

Тағдырға шүкіршілік!

 

Тағдырым қинады деп болма босаң.

Жарар ед өзіңді-өзің қорламасаң.

Тағдырды жазған қалам көтеріліп,

Парақтан сия кепкен әлде қашан.

 

Бұл өмір шаттық-мұңнан құралады.

Әз басың әрнәрсемен сыналады.

Бауырым, жетімдікпен қинады деп,

Аллаға тіл тигіз бе бұдан әрі.

Жасынан жалғыз өскен Пайғамбарда,

Белгілі сабыр сақтап шыдағаны.

Мақшарда "неге жетім қалдың?"- демейд,

"Сабырмен төздің бе?" - деп сұралады.

 

Сәтсіздік күй сыйлайды езге мұңлы,

Онсызда көңіл мың-сан өзгерулі.

Тәңірім байлыққа бір жарытпад деп,

Жасыңман бұлай берме көздеріңді.

Күйзеліп ішкілікке салынасың,

Қаламас ешкім ардан безгеніңді.

Мақшарда "неге кедей болдың?" - демейд,

Сұрайды сабырменен төзгеніңді.

0
0
1068

Шахмат – өмір!

Шахмат – өмір! - Шах! - ...? - Мат! - Қалай? - Солай! - ...жаңа ғана бастап едік қой? - Бұл Гарри Каспаровтың әдісі, төрт-ақ жүрістен кейін мат қоятын?! Міне, шахмат осындай керемет ойын. Неше жүрістен кейін, қай жерде, қалай, қай фигурамен мат қылатыны алдын-ала есептеледі. Бұл жоспарсыз ойнауға болмайтын саяси ойын. Шахмат ежелде Үндістан жерінде пайда болып, кейін Парсы, Араб, Еуропа және Азия елдеріне кеңінен тараған деседі. Бірақ, атауы парсы тілінде сақталған. «Шах-мат», қазақша «Хан-өлді» деген мағынаны білдіреді. Аты жақсы емес. Әйтсе де, ойынның адамның ойлау жүйесіне әсері зор. Әр түрлі фигуралар, олардың дәрежелері, атқаратын қызметі, қимыл-қозғалысы, өз жерін қорғаудағы белсенділігі, қарсыласқа қауіптілігі, бәрі де шебер ұйымдастырылған. Мұндағы басты тұлға – Король (Хан). Ол…

0
0
3593

Бәрін маған жасағаны Иемнің

Гүл көктем.

Сол көктемі сыр бойының.

Нәр бергендей затыма.

Тағы ды қойып шықтым бір қойылым.

өмір өзі сахна.

 

Күн шықты асыл кеудең тоңбасын деп,

Тұла бойды жылытты.

Леп соқты көңілге күй орнасын деп.

Жүрек мұңды ұмытты.

 

Жапырақ лас ауаны жиып-терді,

Хош иісін шығарып.

Жаратқан табиғатты иіп берді,

Жан дүниемді суарып.

 

Төсек – жер, жамылғы – аспан.

Бәрін маған жасағаны иемнің.

Жұмсауға жастығымды жалындаған.

Ақиқатқа сүйендім.

 

Ізгілік, аңсаймын тек адалдықты,

Әппақ арман көңілде.

Арсыздық, имансыздық, надандықты

Көзім соқыр көруге.

 

Адамдар, мені бір сәт ойлаңдаршы,

Соқыр болам қашанғы.

өтінем, адамдықтан  таймаңдаршы,

Неге бәрі жасанды?!

 

Үйіме жылап қайтам, күліп шығып,

Жүрегім дал-дал бола.

Сынсада мейлі жастай үміт шыбық,

Шүкір жалғыз Аллаға!

Шүкір жалғыз Аллаға!

0
2
471