Мазмұнға өту

Жаңа

Жаза түсінігі және оның мақсаты. Жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

  • жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,
  • жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);
  • жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

  • а) рудан қуып жіберу;
  • ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
  • б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
  • в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;
  • г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;
  • ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.
 
0
0
3951

Қылмыс түсінігі, белгілері, санаттары және қылмыс құрамы

Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің көрінісі, нәтижесі болып табылады.

Әрекет дегеніміз – адамның қылмыстық заң тиым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік кесімдер, нұсқаулар немесе жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздікті айтамыз.

Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:

1. Қоғамға қауіптілігі

2. Заңға қайшылығы

3. Айыптылығы

4. Жазаланатындығы.

Қылмыстың санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмыстар сипатына, қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты мынадай санаттарға бөлінеді:

- онша ауыр емес;

- ауырлығы орташа;

- ауыр;

- аса ауыр.

Қылмыстық Кодекстің 10-бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан:

1. қасақана жасаған әрекеті – 2 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – онша ауыр емес;

2. қасақана жасаған әрекеті – 5 жыл, абайсызда жасаған әрекеті – 5 жылдан аспайтын мерзімге – ауырлығы орташа;

3. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге – ауыр;

4. қасақана жасаған әрекеті – 12 жылдан астам мерзімге немесе өлім жазасы көзделсе – аса ауыр санатына жатады.

Қылмыстың құрамы дегеніміз – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығын айтамыз. Ондай белгілер 4 топқа бөлінеді:

- қылмыстың объектісі;

- қылмыстың объективтік жағы;

- қылмыстың субъектісі;

- қылмыстың субъективтік жағы.

1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынатсар.

2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі.

3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта ақыл-есі дұрыс және 16 жасқа толған жеке адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау және т.б.) қылмыстық жауатылыққа адам 14 жастан тартылады.

4. Қылмыстың субъективтік жағы – бұл қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді.

Қылмыс құрамы құрастырылуына байланысты материалдық және формальды болып жіктеледі.

Материалдық құрамда қылмыстың аяқталу сәті қоғамға қауіпті зардаптың тууына байланысты болса, формальды құрамда зардапты тосып жатпай-ақ, қоғамға қауіпті әрекетті жасаудың өзі қылмыстың аяқталғандығын көрсетеді.

 
0
0
106258

Тбиғатты қорғау қажет

Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Ол-жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфсра, оның жоғарғы қабатын құрайтын - атмосфера, осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера - тіршілік қабаты. Осы үшеуі бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды. Мен мысалы, Финляндияда болдым, онда тал тұрмақ бір бұтақ кестірмейді. Базардың өзін олар тазалық үшін уақытша пайдаланады. Яғни біздегідей тұрақты орны жоқ.
Экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен, "ботам", "құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене өскеннің арқасы. Мұны мен жаңа бағыттағы ғылымда этноэкология деп атадым.
Қазіргі таңда экология мөселесі атом қаруынан да қауіпті. Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр. Кез келген өркениетті ел өзінің экологиялық мөселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ-ның алдына мәселе етіп қояды. Біздің елімізден Елбасы БҰҰ-ға Арал мәселесін қойып отыр.

0
0
738

Алтын, күміс тас екен...

Қазақ халқы ертеден күмістің адам ағзасына пайдасы барына сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағынып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салып шомылдырған. Бағалы тастар жайында бірер сөз. Толығырақ: http://el.kz/bm3331

0
0
2578

Қазақстан Республикасының журналистік этика Кодексінде

Қазақстан Республикасының журналистік этика Кодексінде (Қазақстан
журналистер Одағы басқармасы мен бас редакторлар Клубының бірлескен мәжілісінде
қабылданған. Хаттама №1, 2012-жылдың 30-қазаны, Астана қаласы, Қазақстан
Республикасы) «Журналист жеке өмір құқығы, адамның ар-намысын және іскерлік беделін
құрметтеу қағидасына сүйенеді» деген норма бар. Ол журналистерге жеке және заңды
тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді міндеттейтін ҚР Заңының 21-
бабы, 4-тармағындағы «Бұқаралық ақпарат құралы» деп аталатын бөлімді қайталайды.
Солай бола тұра, БАҚ хабарламаларынан аталмыш мәселенің өзектілігін әлі күнге
жоғалтпай отырғандығын байқауға болады. Мысал ретінде қазан айында жарық көрген
хабарламаны назарларыңызға ұсынамыз: «Алматы қаласының кинотеатрларының біріндегі
ерлердің қажетін өтейтін бөлмеге бейнекамера орнатылды». «Арман» кинотеатрының
әкімгерінің айтуынша, бейнекамера заңбұзушылықтың алды-алу және адамдардың
жоғалған заттарын табуға көмектесу мақсатында орнатылған. Ол, камерадағы деректерге
қауіпсіздік қызметкерлері ғана қол жеткізе алады деп сендіріп бақты. ҚР туының боялып
қалғандығына бола Қарағанды қаласының мектеп оқушыларының саусақ таңбаларын
алған: «Қолданыстағы ҚР заңнамаларының ережелері бойынша адамның саусақ іздерін
алуды қылмыстық қудалауға қатысы бар құзырлы органдар ғана жүзеге асыра алады және
ол қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардан ғана алынады». Мектеп директоры К. Нукушев
пен оның орынбасары Т.А. Гаевская Заречная ауылының орта мектеп оқушыларының
конституциялық құқын өрескел бұзумен қатар, олардың ар-намысын, дербес-
құқықтылығын аяққа таптаған. Нұра ауданының прокуратурасы анықтаған заң
бұзушылыққа байланысты аудан әкімінің атына орын алған заң бұзушылықты жою туралы
хат жолданды, нәтижесінде жоғарыда аты аталған тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке
тартылды».

Қазақстан Республикасының журналистік этика Кодексінде (Қазақстанжурналистер Одағы басқармасы мен бас редакторлар Клубының бірлескен мәжілісіндеқабылданған. Хаттама №1, 2012-жылдың 30-қазаны, Астана қаласы, ҚазақстанРеспубликасы) «Журналист жеке өмір құқығы, адамның ар-намысын және іскерлік беделінқұрметтеу қағидасына сүйенеді» деген норма бар. Ол журналистерге жеке және заңдытұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуді міндеттейтін ҚР Заңының 21-бабы, 4-тармағындағы «Бұқаралық ақпарат құралы» деп аталатын бөлімді қайталайды.Солай бола тұра, БАҚ хабарламаларынан аталмыш мәселенің өзектілігін әлі күнгежоғалтпай отырғандығын байқауға болады. Мысал ретінде қазан айында жарық көргенхабарламаны назарларыңызға ұсынамыз: «Алматы қаласының кинотеатрларының біріндегіерлердің қажетін өтейтін бөлмеге бейнекамера орнатылды». «Арман» кинотеатрыныңәкімгерінің айтуынша, бейнекамера заңбұзушылықтың алды-алу және адамдардыңжоғалған заттарын табуға көмектесу мақсатында орнатылған. Ол, камерадағы деректергеқауіпсіздік қызметкерлері ғана қол жеткізе алады деп сендіріп бақты. ҚР туының боялыпқалғандығына бола Қарағанды қаласының мектеп оқушыларының саусақ таңбаларыналған: «Қолданыстағы ҚР заңнамаларының ережелері бойынша адамның саусақ іздеріналуды қылмыстық қудалауға қатысы бар құзырлы органдар ғана жүзеге асыра алады жәнеол қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардан ғана алынады». Мектеп директоры К. Нукушевпен оның орынбасары Т.А. Гаевская Заречная ауылының орта мектеп оқушыларыныңконституциялық құқын өрескел бұзумен қатар, олардың ар-намысын, дербес-құқықтылығын аяққа таптаған. Нұра ауданының прокуратурасы анықтаған заңбұзушылыққа байланысты аудан әкімінің атына орын алған заң бұзушылықты жою туралыхат жолданды, нәтижесінде жоғарыда аты аталған тұлғалар тәртіптік жауапкершіліккетартылды».

0
0
782

Әнші бала

Мектебі, батыс мақамы, Мұхит әндері дегенде ең алдымен аузымызға оралатын азаматтардың бірі – музыка саласының майталманы, республика мәдениетіне елеулі үлес қосқан өнерпаз Ғарифолла Құрманғалиев. Толығырақ: http://el.kz/bm3292

 
0
0
503