Мазмұнға өту

Жаңа

М.К. Әбләзовты Франция территориясында ұстау фактісі бойынша баспасөз ақпараты

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/mk-blzovty-franciya-territoriyasynda-ustau-faktisi-boyynsha-baspasoz-akparaty

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын «БТА Банк» АҚ-ның 5 млрд. АҚШ долларынан астам қаражаттарын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

0
0
359

Алғашқы қарсылас – Германия


Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы

Сондай-ақ биыл қыздарымыздың әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу додасына да араластыны да белгілі. Жуырда тартылған жеребе бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Үндістан командаларымен бір топқа түсті.

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2 тамыз күні Гран-При – 2013 додасы аясындағы алғашқы кездесуін өткізеді.

Қарсыласы – Германия құрамасы. Александр Гутор жаттықтыратын қыздарымыз жуырда Хорватия жерінде дайындықтарын пысықтады. Бас бапкер хорват еліндегі оқу-жаттығу жиыны ойдағыдайөткенін, волейболшы қыздарымыздың айтулы жарысқа жақсы дайындықпен келгенін хабарлады. Оның айтуынша, Хорватияда біздіңқұрама сол елдің екінші ұлттық командасымен бес партиядан тұратын жолдастық кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетіпті.

Командамыздың бетке ұстар ойыншыларының бірі Алена Омельченконың жарақатына байланысты пікірін білдірген бапкер оныңөзге спортшылармен қатар жаттығып жүргенін, бірақ әлі де болса спорттық бабына толық келе қоймағанын айтты. Дегенмен уақыт өте келе Омельченко командамызға көмегін тигізуге тиіс.

 

Германия құрамасының ойын мәнерін жақсы зерттеп үлгергендерін тілге тиек еткен бапкер қарсыластарымыздың өтке күшті екенін алға тартады. Біз өз кезегімізде аталған жарыстың Италия жерінде өтетінін хабарлаймыз. Кейбір мамандардың пікірінше осы сында Қазақстанәйелдер құрамасы тек Аргентина командасн ұтуға қауқарлы. Дегенмен Александр Гутор «әрбір кездесуде жеңіске жетуге тырысамыз» деп отыр.Қыздарымыздың қаншалықты сәтті өнер көрсетеріне уақыт төреші. Жарыстың барысы жайлы өздеріңізді ұдайы хабардар етіп отырамыз.

Сондай-ақ биыл қыздарымыздың әлем чемпионатына жолдама беретін іріктеу додасына да араластыны да белгілі. Жуырда тартылған жеребе бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Қытай, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия және Үндістан командаларымен бір топқа түсті. Аталған бес құрама 2014 жылы Италия жерінде өтетін әлем біріншілігіне берілер екі жолдамаға талас жүргізеді. Аппенин түбегіне жол тарту үшінқыздарымыз Қытай жеріндегі іріктеуден сүрінбей өтуге тиіс. Әрине ол мақсатқа жету оңайға соқпайды. Топтағы басты фаворит Қытай құрамасы саналады. Бұл елдің волейболшылары өз жерінде өнер көрсететіндіктен,қай тұрғыда болмасын үлкен басымдыққа ие болмақ.

 

Шалқар ЕСТЕН,

«Айқын» газеті

 
0
0
271

«Жүздесу». Ақын Ақұштап Бақтыгереева

Ақұштап ақын жырларының ең басты екі тірегі бар. Бірі - ақынның туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты, екіншісі - қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі.

0
0
1153

«Әлі есімде...». Танымал әндердің тарихы


Бекен Жылысбаев - қазақ халық әндерін, орыс классиктері мен шетел композиторларының ән-романстарын шебер орындаушылардың бірі. М. Төлебаевтың «Тос мені, тос», «Кестелі орамал», Абай өлеңіне жазылған «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» романстарын, «Қазақстан оттары» кантатасын, тағы бірқатар әндерді алғаш орындаған.

0
0
564

«Сыр сақтаушының қызы». Драма (АҚШ, 2008 ж.)


Қыбыр еткен тірі жан көрінбейтін қарлы-боранды түнде дәрігер Дэвид Генри өз әйелін босандырады. Бұл түн жас әке мен әйелі Нора және дәрігердің көмекшісі Кэролайн мен жаңа туған нәрестелер үшін айтулы күн болады. Күндердің күнінде қайта табысу үшін олардың жолдары екіге айырылады.

1
0
379

«Авансахна». Драма (АҚШ, 2000 ж.). Режиссері: Николас Хитнер


Сахна жұлдыздары шынайы өмірде қандай? Танымал адамның қарапайым болып қалуы мүмкін бе? Бұл құпияларды «авансахналықтарымен» бірге ашайық. Рөлдерде: Аманда Шулл, Кристин Данхэм. Режиссері: Николас Хитнер.

1
0
369

«Қазына қорғаушылары». Шытырман оқиғалы фильм (Германия, 2011 ж.). Режиссері: Айэйн Б. МакДональд.


Қазба жұмыстары кезінде археолог Виктория Картер Сүлеймен патшаның жүзігіне жол сілтейтін көне картаны тауып алады. Бұл жаңалықты ешкіммен бөліскісі келмеген ол дереу жолға шығады. Алайда қауесет тез таралып кетеді, себебі жүзікті қолға түсіремін деушілер өте көп. Викторияға танымал ғалым Тедди Картер көмекке келеді. Ол жүзіктің қара ниеттілердің қолына түспеуі үшін барын салуы тиіс.

1
0
301