Мазмұнға өту

Жаңа

«Қисмет» әні туралы не білесіз?

Әсеттің әдемі әндерінің бірі – «Қисмет». «Қисмет» - түрік сөзі мағынасында дінге байланысты: жеке адам тағдырындағы, дүние жүзіндегі барлық оқиғалар толық Алланың алдын ала беріп қойған әмірімен болады деген ұғымды білдіреді http://el.kz/bm4310

0
0
1109

Винценцо Нибали «Вуэльтаның» 2-кезеңінен кейін көш бастап келеді

Винценцо Нибали

«Saxo-Tinkoff» командасының ирландиялық велошабандозы Николас Роч испаниялық «Вуэльтаның» екінші кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші орынды «Катюшаның» велошабандозы испандық Даниэль Морено иеленсе, AG2R командасының өкілі итальяндық Доменико Поццовиво мәре сызығын үшінші болып кесті.

Жалпы есепте «Астананың» көшбасшысы итальяндық Винценцо Нибали көш бастап келеді, Роч екінші, ал «RadioShack Leopard» өкілі испандық Аймар Субельдия үшінші орынға жайғасқан.

«Вуэльта», 2-кезең
Понтеведра - Альто до Монте да Гроба, 177,7 км

1. Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») - 4:37:09
2. Даниэль Морено (Испания, «Катюша») - +0:02
3. Доменико Поццовиво (Италия, AG2R) - +0:06

Жалпы есеп
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 5:07:22
2. Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») - +0:08
3. Аймар Субельдия (Испания, «RadioShack Leopard») - +0:10.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

 
0
0
288

Футбол: Оралдың «Ақжайығы» тағы да 2:2 есебімен тең ойнады

24 тамыз күні премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Өскеменнің «Востогын» қабылдады.

Сербиялық маман Любко Петрович жаттықтыратын батысқазақстандықтардан ойынның 25-минутында чехиялық легионер Павел Черны есеп ашты. Бірінші таймның соңғы сәттерінде «Востоктан» өткен жылғы маусымда «Ақжайық» сапында доп тепкен Вячеслав Эрбес есепті теңестірсе, ойынның екінші кезеңінде 58-минутта Сергей Костюк өскемендіктерді алға шығарды. Дегенмен 65-минутта «Ақжайықтың» құрамындағы камерундық легионер Саджо Хаман таразы басын қайта тең қылды.

«Ақжайық» өткен турда Атырауда да 2:2 есебімен тең ойнаған еді. 30 тамызда әлі де соңғы орында келе жатқан оралдықтар Таразда жергілікті командамен күш сынасады. Осы турда Талдықорғанда «Жетісуді» ұтқан «Таразды» биылғы маусымда сол Л.Петрович баптап, кейін орнынан кеткен болатын. Бұл да «Ақжайық» үшін шешуші ойындардың бірі болмақ.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 
0
0
378

«Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі!» — Геннадий Головкин

«Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі!» — деп мәлімдеді бокстан WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Қарағандыда Шахтерлер күніне арналған салтанатты жиында Головкиндер отбасына марапаттар тапсырылды.

«Әйгілі спортшыларды тәрбиелеп жеткізген шахтерлер отбасыларын құрмет тұту дәстүрге айналды», — деді мерекенің жүргізушісі.

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Г. Головкинге төсбелгі және Қарағанды қаласының құрметті азаматы дипломын тапсырды. Әйгілі боксшының әкесі — көмір өнеркәсібі саласының ардагері Геннадий Иванович Головкин «Көмір өнеркәсібі саласының құрметті жұмысшысы» атағына ие болды. Анасы Елизавета Евгеньевнаға да бағалы сыйлық тапсырылды.

«Менің балалық шағым шахтерлер отбасында өтті. Мен өз ата-анамды мақтан тұтамын, Қарағанды облысында туғаныма қуанамын. Қолдау көрсеткендері үшін қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді. Менің жеңістерім — бүкіл Қазақстанның жеңісі», — деп мәлімдеді спортшы сахнада.

Г. Головкиннің әкесі журналистерге берген сұхбатында зейнетке шыққанына 20 жылдан астам уақыт болғанын айтты. «Алғашында № 4 шахтасында участкелік маркшейдер болып жұмыс істедім. Кейін флотта борышымды өтедім. Әскерден кейін «Қарағанды» шахтасына үңгуші болып бардым, содан кейін тау-кен шебері, учаске бастығы, бригадир болып жұмыс істедім», — дейді ол. Әкесінің сөзіне қарағанда, ол ұлының барлық жекпе-жектерін жібермей көреді.

«Ұлыммен сирек кездесемін. Қазір де ол бірнеше күнге ғана ұшып келді. Жақында немерем келген. Гена Лос-Анджелесте жаттығуда болған, ал келінім Германияда сынақтарын, емтихандарын тапсырған. Сол уақытта немеремді осында алып келген, соны бақтым», — деп ой бөлісті спортшының әкесі.

 

ҚАРАҒАНДЫ.  ҚазАқпарат

 
0
0
440

Темір Тайсонның «ерлігі»


Америкалық әйгілі боксшы Майк Тайсон

Америкалық әйгілі боксшы Майк Тайсон өз өмірін өзгертіп, алкоголь мен есірткіден бас тартқысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ресейдің «Жаңалықтар» ақпараттық агенттігі.

Осы аптада Тайсон боксерлік кездесулердің промоутері ретінде жұмысқа кірісті. Оның Iron Man Productions компаниясы жұма күні Нью-Йоркте алғашқы турнирін өткізген болатын. Осыған орай өткізілген баспасөз мәслихатында Тайсон өз өмірі жайлы сыр бөлісті.

«Мен өмірде көп жамандық жасадым. Сол үшін кешірім алып, өмірімді өзгерткім келеді. Мен ажал алдында тұрмын, өйткені мен — маскүнеммін. Ішімдік пен есірткіге жоламағаныма алты күн болды. Бұл — мен үшін нағыз ерлік. Енді бұл бәлеге ешқашан жақындамаспын», — деп ағынан жарылды «темір» Тайсон.

Аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Майк Тайсон шаршы алаңда 50 рет жеңіске жетті (44-і — нокаутпен) және алты рет жеңілістің ащы дәмін татты. 1986 жылы ол әлемдік бокс тарихындағы ең жас чемпион атанды. Сонымен қатар атақты боксшы 1992, 1998 және 2008 жылдары үш рет қамауға алынған.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
449

«Астана» «Вуэльтаның» алғашқы кезеңінде топ жарды.


Қазақстандық «Астана» велокомандасы

Қазақстандық «Астана» велокомандасы Испанияның «Вуэльта» көпкүндігінің алғашқы топтық кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші орынды «RadioShack-Leopard» иеленсе, «Omega Pharma-Quick-Step» үшінші орынды қанағат тұтты.

«Вуэльта», 1-кезең
Вильянуэва-де-Ароса - Санхенхо, командалық жарыс, 27 км

1. «Астана» - 29:59:0
2. «RadioShack-Leopard» - +0:10
3. «Omega Pharma-Quick-Step» - +0:16

Жалпы есеп
1. Янез Брайкович (Словения, «Астана») - 29:59:00
2. Винченцо Нибали (Италия, «Астана»)
3. Паоло Тиралонго (Италия, «Астана»)
4. Якоб Фульсан (Дания, «Астана»)
5. Андрей Гривко (Украина, «Астана»)
6. Танел Кангерт (Эстония, «Астана»).

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
276