Президент болу - Корея үшін ең қауіпті лауазым
Корея түбегімен ата-бабаларымыз Түркі қағанаты кезінде байланыс жасапты. Кейбіреулер кәріс пен керейді байланыстарыды, жай ұқсастық деп санаймын. Дегенмен, кәріс тілі түркі тілдері сияқты Алтай тобына жатады.Ал, негізгі тақырып, Оңтүстік Корея Президенттерінің тағдыры туралы. Бір қызығы Президент лауазымы кәрістер үшін ең қауіпті мамандық (лауазым) екен.Мысалы, алғашқы кәріс Президенті Ли Сын Ман өз бас пайдасы үшін «коммунистерді тұқырту» деген желеумен қарсыластарын қудалауда қарсы пайдаланды. Және ол Президент лауазымында қалу үшін заңға түзетулер енгізуді ұсынған. Сөйтіп, 84 жасар Ли Сын Ман төртінші рет Президент сайлауында 100 проценттік жеңіске жетеді.Дегенмен, оның 4 реттік басшылығына тойған халық сайлаудағы кезекті «жеңісіне» қарсы шығып, және оның аяғы көтеріліске ұласып, ақыры…