Мәслихат депутаты Берік Ихсанов аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады
«Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалында ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауға Жәнібек ауданының маслихат депутаты Берік Ихсанов аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады. Қабылдауға келген үш адам тұрғын үймен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек алу және тұрақты жұмысқа орналасу жөнінде мәселелері қарастырылды.
Берік Ихсанов әр тыңдалған мәселенің мән-жайына орай түсінік беріп, алдағы уақытта мүмкіндігінше шешілуіне көмектесетінін жеткізді.


