Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық контингент ҰҚШҰ ҰЖДҚК оқу-жаттығуы шеңберінде бөлімшелерді үйлестіруді пысықтауда

Бес күннен бері Беларусьте өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2013» оқу-жаттығуына қатысушылардың көпұлтты ұжымының құрамында Қазақстан Аэроұтқыр әскерлерінің десанттық-шабуыл батальоны жауынгерлік үйлесу мәселелерін пысықтауда. Қазақстандық әскери қызметшілер оқу-жаттығудың екі тактикалық эпизодына қатысады. Олардың бірі тікелей Осиповичский полигонында өткізіледі. Әуеден десант түсіріп, әрі қарай шартты қарсыласқа жер үстінде атыспен тосқауыл қоюды ұйымдастыру қазақстандық жауынгерлер міндеттерінің бірі. Десантшы сарбаздар Беларусь аспанында беларустік әскери-әуе күштерінің әскери-көліктік тікұшағынан парашютпен секірді. Жеке құрам шектеулі және дайындалмаған әрі бейтаныс жерге секіретіндіктен десантшылардан асқан шеберлік…

0
0
506

Бокс: Әлем чемпионатында 18 қазақстандық ширек финалға шықты

Болгарияның Албена қаласында әйелдер боксынан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Әлем чемпионатында бүгін ширек финалдық ойындары өтеді. Онда жасөспірімдер арасында Назерке Жұрғараева (46 кг) АІВА ұсынған Нетинхой Лайно Данламен, Балауса Мұздыман (54 кг) румыниялық Кристина Космамен, Екатерина Аниссимова (60 кг) болгариялық Бойка Вашевамен, Любовь Хассиева (66 кг) түркиялық Гизем Айдемирмен, Асыл Асқарова (48 кг) болгариялық Хафиза Османмен, Әйгерім Ошақбай (52 кг) ресейлік Умеда Сайдовамен, Назым Ишанова (57 кг) алжирлік Хоуда Ноур Елмен, Аида Әбікеева (63 кг) румыниялық Парашива Пассумен, Баян Ақбаева (70 кг) украиналық Анна Бойкомен жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Ал жастар арасындағы сайыста Алуа Балқыбекова (48 кг) түркиялық Айси Кагипирмен, Айдана Арапбаева (60 кг) шве…

0
0
379

Қазақстандық және неміс футбол федерациялары арасында өзара әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды

Семейде өткен футбол мерекесі шеңберінде қазақстандық және неміс футбол федерациялары арасында өзара әріптестікті дамыту туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz. «Бірінші кезекте, шақырғандарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Бұл — мен үшін үлкен құрмет. Сіздерді Германия футбол федерациясының атынан Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Екі елдің футбол федерациялары арасында әріптестік қарым-қатынасты дамыту туралы меморандумға қол жеткізгеніміз үшін қуаныштымыз. Бұл — футбол өміріндегі тарихи оқиға. Осындай екіжақты байланыстар арқылы қазіргі уақытта Германияда жастар футболына инвестиция құю барысын байқауға, зерделеуге болады. Олар — ертең ұлттық құрамада өнер көрсететін жастар. Футболды дамытуда атқарылатын жұмыстар легінде өзара тәжірибе а…

0
0
812

Денис Уланов Кореяның Пхеньян қаласынан алтын алқамен оралды

Зырян қаласының тұрғыны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Денис Уланов Кореяның Пхеньян қаласынан алтын алқамен оралды. Ауыр атлетикадан жастар мен ересектер арасында Азия кубогын сарапқа салған жарыста жерлесіміз 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, қоссайыс қорытындысында 337 келіні көтеріп, алтын медальға ие болды. Қазақстан ауыр атлеттері арасында 19 жастағы біздің спортшы ғана осындай нәтижеге жетті. Азия ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарысқа Корея, Қазақстан, Қытай, Сирия, Индия, Бангладеш, Өзбекстан, Қырғызстан, Кувейт, Мьянма және Таиланд құрама командалары қатысты, деп хабарлайды Аltaynews.kz. «Біздің спорт мектебінде жаттығып жүрген Денис Уланов биыл Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанған болатын…

0
0
268

Елордалық бокс мектебінің үш спортшысы Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды

14-26 қазан күндері Алматыда бокстан Әлем чемпионаты өтеді. Онда елордалық бокс мектебінің үш спортшысы Қазақстанның намысын қорғайтын болады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. Ільяс Сүлейменов (52 кг дейін), Мерей Ақшалов (64 кг дейін) және ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов (69 кг дейінгі «қазақ» салмағы) он былғары қолғап шеберінің ішінде әлем чемпионы атағын сарапқа салады. «Үшеуі де Қазақстан чемпиондары және Азияда өздерінің салмақ санатында көш бастап тұр. Ільяс Сүлейменов — Азия чемпионатының күміс жүлдегері, «А» сыныбындағы көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Мерей Ақшалов — Азия чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы, «Astana Arlans» клубының сапында жеткен жетістіктерімен белгілі және Дан…

0
0
281

Алматыдағы кәсіби велотурды Eurosport көрсетеді

«Eurosport» спорт арнасы 6 қыркүйек күні Алматыда өтетін кәсіби велотурды көрсететін болады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. Өткелі отырған жарыстарға әлем елдерінен 20-ға жуық команда қатыспақшы. Қазіргі уақытта оңтүстік астанада Халықаралық велоспорт федерациясының өкілдері жұмыс жасауда, олар жолдардың сапасын бақылауда. Шетелдік бақылаушылар велотур өтетін Шығыс айналма жолы мен Әл-Фараби даңғылын жоғары бағалады. Алматы жоғары деңгейлі аса ірі спорт турнирлерінің орталығына айналуда. Естеріңізге сала кетейік, 21-22 қыркүйек аралығында осымен үшінші рет «Сұңқар» спорт кешенінде трамплиннен секіру бойынша әлемдік біріншілік болып өтті. Трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысының FIS директоры Йоханн Вальтер Хофер 20, 40 және 60 метрлік биіктіктегі жаңа үш трамп…

0
0
401

Ностальгия: ҚазТРК белестері суреттерде

Қазақ телевизиясының алғашқы хабарларының бірі. 1959 жыл

Қазақ телевизиясының алғашқы хабарларының бірі. 1959 жыл

Әуезов драма театрының 40 жылдығына арналған телехабардан көрініс. 1967 жыл

Әуезов драма театрының 40 жылдығына арналған телехабардан көрініс. 1967 жыл

Телеформаттағы алғашқы айтыстар осындай болған

Телеформаттағы алғашқы айтыстар осындай болған

"Айтыс" бағдарламасының бастамасы болған хабар. 1971 жыл

"Айтыс" бағдарламасының бастамасы болған хабар. 1971 жыл

Шыңғыс Айтматов "Сұхбат" хабарында. 1975 жыл

Шыңғыс Айтматов (оң жақта) "Сұхбат" хабарында. 1975 жыл


Тұңғыш түрлі-түсті телехабарға қатысушылар. 1977 жыл

Тұңғыш түрлі-түсті телехабарға қатысушылар. 1977 жыл


Сырбай Мәуленовтың 50 жылдығына арналған "Шаңқай түс" бадарламасы

Сырбай Мәуленовтың 50 жылдығына арналған "Шаңқай түс" бадарламасы

(солдан оңға қарай: С. Мәуленов, С. Оразалы, Ғ. Қайырбеков)

"Әсия" видеоспектаклінен көрініс

"Әсия" видеоспектаклінен көрініс

Заманының хиті - "Қымызхана" телеспектаклі

Заманының хиті - "Қымызхана" телеспектаклі

© Фотолар Сұлтан Оразалының "Теледидар өнері" атты кітабынан алынды

3
0
1285

«Қазақтелеком» АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен онлайн-конференция

Қайырлы күн, достар! Жақында ғана «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен өткен онлайн-конференция аяқталды. Біз Сіздердің назарларыңызға пайдаланушылар қойған ең қызықты сұрақтар мен Қуанышбек Есекеевтің оларға қайтарған жауабын ұсынамыз. Сергей: Қайырлы күн, Қуанышбек Бақытбекұлы! Мені мына сұрақ қызықтырады–қазіргі кезде iDNetқызметін тарату қандай деңгейде. Мерзім бойынша және халқы 50 мыңнан асатын қалаларды 100% қамтудаілгерілеушілік бар ма? Алдын ала рахмет! Қ.Е: Сәлеметсіз ба, Сергей! Қазір iD Net барлық облыс орталықтарында, Алматы мен Астана қалаларында енгізілуде. Аталған қалалардағы барлық көппәтерлі үйлерді оптикамен келесі жылдың соңына дейін, Екібастұз, Ақсу, Теміртау, Жезқазған, Жаңаөзен қалалароын 2015 жылдың соңына дейін толық қамтуды жоспарла…

0
0
686

Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Түркияда жүр

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ресми сапармен Анкараға келді. Бүгін Әділбек Жақсыбеков Анкарада Түркияның ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында тараптар екіжақты әскери және әскери-техникалық, сондай-ақ әскери білім саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдықтарын талқылады. – Қазақстан Қорғаныс министрлігі Түркия қорғаныс ведомствосымен және Қарулы Күштерімен арадағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамытуға барынша маңыз береді. Түркия Қазақстанның қорғаныс саласындағы ынтымақтастық шеңберіндегі маңызды әріптестерінің бірі. Екі ел арасындағы әскери саладағы өзара іс-қимыл болашақта да сенімді әріптестік пен өзара тиімділік принципінде дами беретініне сенім білдіремін, – деді Әділбек Жақсыбеков. Түркия Қарулы Күштері Бас шт…

0
0
499