Мазмұнға өту

Жаңа

1 наурызда «𝐍𝐮𝐫 𝐎𝐭𝐚𝐧» партиясының кезектен тыс XXII Съезі өтеді

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев кезектен тыс XXII Съезді 1 наурызға шақыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді.

Съезге бүкіл аймақтардан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды.

Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады.

#NurOtan

0
0
294

Қоғамдық қабылдау

«Nur Otan» партиясы аудандық филиал ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан әкімінің орынбасары Меңешов Біржан Нұрланұлы жұмыс жоспарына сай қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген ауыл тұрғыны Гайсина С.-өзінің жағдайын айтып қысқы отыннан көмек сұрады. Бұл өтініші бойынша Сайқын ауылдық округі әкімі Н.Умарова қысқы отыннан көмек көрсетті. Сонымен қатар Гайсина С. өзінің үйіне газ кіргізе алмай жүргенін айтыпта көмек сұраған еді. Бұл сұрау бойынша ауылымыздың беделді азаматтары 100 мың теңгеден ақшалай көмек көрсетті. Қалған газ кіргізуге қажетті құралдарын келісім парағы арқылы аулымыздың кәсіпкері көмек көрсетеді. Басқада қабылдауға келген тұрғындарымыз өздерінің толғандырып жүрген мәселелерін айтып сол жөнінде түсінік алды

0
0
235

Қоғамдық қабылдау өтті.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиал ғимаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Жумагулова Бибигүл Мұқасқызы қабылдау өткізді.

Қабылдауға Сайқын ауылының тұрғыны көп балалы ана Хадерова К. отбасымен бірге болашақта ірі қара мал алып, сүтін құрт майын сатып өзінің жағдайын көтеру мақсатында қайтарымсыз грант алуға көмек сұрайды.

Басқада аудан тұрғындары осы грант алу жолын сұрап келді. "Бастау бизнес" кәсіпкерлік мектебіне оқып қайтарымсыз грантты алуға болатынын айтылды. Толықтай түсінік жұмыстары жүргізілді.

0
0
252

Жасөспірімдер кітапханасы

«Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан « Өлеңдер; Бата үлгілері; Мақал-мәтелдер; Ертегілер; Аңыз-әңгімелер» кітаптың авторы Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы.Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, қазақ тарихындағыұлы ойшылы, атақты фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі көрнекті тұлғасы. Атамыздың жеке өмірбаяны әр қилы сырларға толы.Мәшһүр-Жүсіп атамыз 5 жастан медреседе оқиды. Сол кезден бастап баланың алғырлығы, зеректігі байқалады. Дін білімін алумен бірге ол қазақ ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерімен танысады. 10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр-Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз жүзінен де жинаумен айналысады.Қара жердің өлгені -Қар астында қалғаны.Асқар таудың өлгені -Басын мұнар шалғаны.Аққан судың өлге…

0
0
767

‘Қалжат’ БПҰ мамандары Д.Максимова мен И. Илахунованың үйіне барып , қал -жағдайларын біліп қайтты.

‘Кедергісіз келешек’ партиялық жобасы аясында ‘Қалжат’ БПҰ мамандары Д.Максимова мен И. Илахунованың үйіне барып , қал -жағдайларын біліп қайтты.

0
0
229

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында шара ұйымдастырылды.

2022 жылдың 7 ақпан күні Дардамты ауылдық округінің әдіскер нұсқаушысы Бакытжанова Сатирямның ұйымдастыруымен "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында онлайн форматта Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Оқуға шақыру" атты өлеңдер байқауы болып өтті. Байқауға Дардамты орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды Дардамты орта мектебінің 9 сынып оқушысы Важитова Гульяр, екінші орынды 11 сынып оқушысы Нуран Айгерім, үшінші орынды 10 сынып оқушысы Алешова Балауса иеленді.

0
0
233

Ауданымызға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ашимжанов Жанарбек Садыканұлының келуі жоспарлануда.

Құрметті аудан тұрғындары!

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Ашимжанов Жанарбек Садыканұлының келуі жоспарлануда.

Осыған орай 22 ақпан сағат 12.00 де аудандық партия филиалында қоғамдық қабылдау жүргізіледі. Жазылу үшін көрсетілген телефон номерлеріне хабарласуларыңызға болады.

0
0
552

15-16 ақпан күндері ауданымыздағы барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 15-16 ақпан күндері ауданымыздағы барлық бастауыш партия ұйымдарында Қазақстан Республикасы Президенті, Партия Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың «Nur Otan» партиясын модернизациялау бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды.

0
0
204

Ауданымыздағы барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылды

Ауданымыздағы барлық бастауыш партия ұйымдарында Қазақстан Республикасы Президенті, Партия Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың «Nur Otan» партиясын модернизациялау бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды

0
0
211

15-16 ақпан күндері ауданымыздағы барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 15-16 ақпан күндері ауданымыздағы барлық бастауыш партия ұйымдарында Қазақстан Республикасы Президенті, Партия Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың «Nur Otan» партиясын модернизациялау бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Партия мүшелеріне, бастауыш партия ұйым мамандарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

0
0
230