Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында шара ұйымдастырылды.

2022 жылдың 7 ақпан күні Дардамты ауылдық округінің әдіскер нұсқаушысы Бакытжанова Сатирямның ұйымдастыруымен "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында онлайн форматта Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Оқуға шақыру" атты өлеңдер байқауы болып өтті. Байқауға Дардамты орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды Дардамты орта мектебінің 9 сынып оқушысы Важитова Гульяр, екінші орынды 11 сынып оқушысы Нуран Айгерім, үшінші орынды 10 сынып оқушысы Алешова Балауса иеленді.

0
0
219

Осы тақырып бойынша