Мазмұнға өту

Жаңа

Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығулары шетелде өтеді — шаңғышы Н.Чеботько


шаңғышы Николай Чеботько

Сочи Олимпиадасына дайындық жаттығуларын біз шетелде өткізетін боламыз. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Қазақстанның спорт шебері, шаңғышы Николай Чеботько мәлім етті.

«Ертең біз дайындық жаттығуларын бастаймыз. Бұл — ұзақ кезең. Алдымен біз Австрияға он күнге барып, Рамзау тауларында жаттығамыз. Одан кейін бір айдай Финляндияда боламыз. Басты мақсат — аяқты қарға ертерек тигізіп, дайындықты бастау. Арғы жағын бапкерлермен бірге көре жатармыз. Мен өзім жеке және командалық спринтті қалаймын. 15 шақырымға дейін кез келген дистанцияға дайынмын…50 шақырымнан басқа», — дейді Н.Чеботько.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
415

Қызылорда самбошылары әлем чемпионатынан жүлделі оралды

Қызылорда облысының самбошылары әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. «Қазақстандық самбошылар Грекияның Салоники қаласында өткен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында командалық есепте екінші орын алды», — делінген хабарламада. Әлемнің 27 елінен жиналған 500-ге жуық самбошы арасында қызылордалықтар, 44 келі салмақта жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы Гүлфайруз Наймантаева (№1ОМБЖОРМ) мен 72 келіде Мереке Құдайбергенова (Жаңақорған ауданы, Түгіскен елді мекені) қола жүлдені қанжығасына байлады. Мереке былтыр Латвияда өткен әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген болатын. Қос спортшыны жарысқа Жанар Дүйсекенова, Мақсат Оспанов пен Әбдісаттар Садықов дайындады. ҚЫЗЫЛОРДА.…

0
0
381

ФУТБОЛ: Мундиальдан тыс қалған жұлдыздар

Бразилияға барып ойынның көркін қыздыра алмайтын футбол жұлдыздары бар. «Аламан» ұлттық спорт порталы әлемдік мундиальды сырттан тамашалайтын мықтыларды санамалап шыққан. Уэльс құрамасының қос бірдей жұлдыздары Гарет Бейл (Реал Мадрид), Арон Рэмси (Арсенал) бұл додаға тек көрермен бола алады. Чехия құрамасының капитаны, лондондық Челси клубының 1-ші қақпашысы Петр Чех және Чехтің отандасы Томаш Росицки (Арсенал) муньдиалға бара алмайды. Жұлдыз деуге келмес, бірақ қазақ жанкүйерлеріне жақсы қырынан таныла білген Армения құрамасының ойыншылары Роберт Арзуманян(Ақтөбе), Гаворг Казарян (Шахтер), Артур Едигарян (Қайрат) сынды ойыншылар да бара алмайды. Дания құрамасының белді ойыншысы Скотт Браун да (Селтик) чемпионатқа көрермен болады. Қазақстан құрамасы өнер көрсеткен топтан неміс және әлем…

0
0
622

Әлем чемпионаты: Қазақстандық алты боксшы 1/8 финалға шықты


Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатының жетінші жарыс күні, яғни 20 қазанда құрама сапындағы соңғы 4 боксшымыз алғашқы кездесуін өткізеді.

Олар: Берік Әбдірахманов (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (+91 кг).

Бұған дейінгі сайыста өз бағын сынаған алты боксшымыз түгел жұбын жазбай 1/8 финалға шыққан болатын. Атап айтқанда дүйсенбі күні олардың бесеуі, яғни Біржан Жақыпов (49 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Антон Пинчук (91 кг) өздерінің екінші кездесуін өткізетін болады. Ал сейсенбі күні Илияс Сүлейменов (52 кг) жарыс көрігін қыздырмақ.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат —  Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
385

Проект «Шайқас»: Реконструкция Аныракайской битвы

Аныракайское сражение 1729 года – это крупнейшая и решающая битва 100-летней Отечественной войны, которая оказалась ярчайшим примером борьбы казахов с агрессией джунгар.

Чингиз Лепсибаев вместе с единомышленниками решил устроить в Боровом своего рода исторический фестиваль с демонстрацией эпизода войны, мастер-классами по соколиной охоте, изготовлению и стрельбе из лука. Однако мероприятие не удалось провести с заявленным размахом: ребята смогли лишь расставить юрты и пригласить актеров.

Впрочем, лучше один раз увидеть и услышать со слов самих организаторов столь интересного действа, чем прочитать.

Kaztube Studio представляет!

0
0
428

Өмірімдегі бақытты күндердің бірі

Менің өмірімдегі ең бақытты, тамаша күн ол менің 17 жасқа толған күнім....Есіме алсам, бүгінгі күнге дейін жаныма жарық нұр төгілгендей күлімдеумен боламын. Кейде көшеде кетіп бара жатып есіме түсіп кетеді, сол кезде өзім мен өзім мәз болып бара жатқанымды көрген бейтаныс жолаушылар маған есі ауысқан кісіні көргендей қарайды. Менің сол қуанышқа толы күнім түнгі 24-00де басталады. Негізінде менің туылған күнім 18-тамызда, ал 17-тамызда біз, менің би тобымдағы қыздармен әншілерді ауызашарға мейрамханаға шақырғанбыз . Ауызашар біткеннен кейін қонақтарымыз қайтып кетті. Биші қыздар 24-00ге дейін күтіп, мені құттықтап барып үйлеріне тарады. Мен бір неше құрбыммен қайттым. Қайтып бара жатқанда көлігіміз үйдің жаңындағы мектептің алдында тоқтай қалады, құрбыларым көліктен шығаса салып, мектеп жа…

0
0
40912

Ұлылық мәйегі

2005,"Сарыағаш" газетінде, 2006,"Сарыағашым-сырлы өлкем" әдеби жинағында басылды. Қараңғы бөлмеде жазушы отыр. Үстел шамы аққу мойынын әсем ие, оның қарсы алдындағы толған айдай ақ дөңгелекке бар нұрын шашырата төніп тұр. Дөңгелектің ортасында ақ парақ шақырая жылтырайды. Парақтың беті тап-таза. Үстінде үшкір жебедей қара қалам көлденеңінен көсіліп жатыр. Жазушы сол қолымен үстелге шынтағын таяна, басын ұстап, сол аппақ қағазға тесіле, тас мүсіндей қалқияды. Бірақ оның ұшуға талпынған қырандай қомдана отырысынан, қағазға оқтай тесілуінен, қос қалың қабағының қатулана түйілуінен, ала көлеңкеде колдары мен қос шекесінде дүрдиіп анық көрінген күре тамырлардың білеуленуінен және кең бет-жүзі мен жазық маңдайының алабұртуынан іштей айрықша бір ышқыныста, өте қуатты толғаныс-тебіреністе отырған…

0
0
870

«Түнгі студияда» — Нұрлан Қоянбаев

Ұлттық арнаның жаңа маусымдағы тың жобаларының бірі - «Түнгі студия». Жүргізушісі - Нұрлан Қоянбаев. Бағдарламада келген қонақ пен жүргізуші арасында еркін сұхбат жүреді. Әңгіме белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша өрбиді. Қатысушыларға орынды қалжың арқылы ойландырар сауалдар қойылады. Ән өнері мен спорт, шоу-бизнес, саясат сахнасы жұлдыздарының өнерде, қызметтен тыс кездерін көрсетуді мақсат тұтқан хабардың алғашқы қонағы - Роза Рымбаева мен әншінің ұлы Әли Оқапов болды. «Түнгі студия» хабарының кейіпкерлері – әр саланың майталмандары. Мақсат - халыққа олардың қызметінен бөлек қырларын ашып көрсету. Бүгінге дейін хабарда бокстан Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, даңқты «А Студио» тобы, әнші Қыдырәлі Болманов т.б. белгілі тұлғал…

0
0
2143

Сенаторлар Әскери-теңіз базасында болды

Бүгін Ақтауда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелері ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің базасында болды. Сапардың мақсаты әскери-теңіз бөлімінің материалдық-техникалық базасымен және жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейімен танысу болып отыр. Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес сенаторлар үшін еліміздің Әскери-теңіз күштері туралы брифинг ұйымдастырылды. Онда меймандарға әскери теңізшілердің күнделікті қызметі мен келешегі туралы толыққанды мәлімет берілді. Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг ҰК» АҚ және «Зенит» Орал зауыты» АҚ-ның басшылары депутаттарға мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы конт…

0
0
422

Аягөздегі әскерлеріміз Елбасы тапсырмасын орындауға сақадай сай

Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кешенді ақпараттық-насихаттау тобы Өскемен қаласында жұмысын жалғастыруда. Кеше Аягөз гарнизонындағы танкішілер, артиллеристер, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімдері, жергілікті қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшылығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты» атты Жолдауында көрсетілген басымдықтарды іске асыру жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Заместитель Начальника Генерального штаба ВС РК полковник Мухамеджан Таласов на собрании командиров частей отметил важность работы со школьниками для военно-патриотического воспитания и продвижения имиджа военнослужащих. Для этого, военные должны посещать уроки в школах и устраивать дни открытых дверей в частях, чтобы дети имели больше воз…

0
0
300