Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтап, Наурыздың ежелден жақсылық пен жасампаздықты дәріптейтін мереке екенін атап өтті.– Әз Наурыз – береке-бірліктің, шынайы жанашырлықтың және өзара қамқорлықтың мейрамы. Мен бүгін Ұлыс күнін өздеріңізбен бірге қарсы алу үшін Алматы қаласына арнайы келдім. Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Халқымызға қайта оралған Ұлыс тойын мерекелеу осы қастерлі мекеннен басталған. Алматы – Қазақ елінің рухани, мәдени және іскерлік орталығы, – деді Мемлекет басшысы.Президент зиялы қауымның және өнер, білім, ғылым, бизнес салалары өкілдерінің Алматы шаһарында шоғырланғанына тоқталып, қаңтар оқиғасы кезінде қала тұрғындарының зор қауіп-қатерге төтеп бергеніне ерекше мән берді.– Сын сағатта тұрғындар нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсетт…