Мазмұнға өту
Обложка сообщества Cybersport Qaz

Бәсекелестікке қабілетті ойыншы болу

Гейминг әлемі неғұрлым бәсекелес-бағдарлы болуда және -киберспортты дамытудың кенеттен күрт көтерілуі бұның негізгі себебі болып тұр. Егер сен, өзіңнің ойнау қабілетіңнің басым екендігін көрсетуге дайын болсаң, онда бұл сенің қалтаңды кәдімгідей толтыратындығын әлемдік көшбасшылар дәлелдеп отыр. Сондықтан да, егер сіз кешкісін жұмыстан соң тіпті біраз демалу үшін немесе көңіл көтергіңіз келіп ойын ойнағыңыз келсе, онда сіз ұтылу мен жеңістің арасында керемет маржаның бар екенін түсінуіңіз қажет.Ал осы ортада бәсекелестікке қабілеттіліктің қалай арттыруын білу, сізге еш кедергі келтірмейді.

Өзіңіздің орныңызды таңдаңыз

Басқа да кез келген салада секілді киберспорттың да өзіндік орны бар. Тек бұл жерде олардың жанында түрлі бағыттар межеленеді, мысалы, шутерлер (атыс ойыны), соққы жасау стратегиялары, карта ойындары және т.б.киберспортта орындар жетерлік, дегенмен, әлдеқайда бәсекелестікке қабілетті болу үшін сіз қандай да бір ойынға көбірек көңіл бөлуіңіз қажет, яғни өз бағдарыңызды таңдай білу. Бұл ойында өз орныңызды анықтап білген соң оны ары қарай тереңірек зерттеуді қолға алыңыз. Тек ойыншы ретінде ғана емес, сондай-ақ көрермен ретінде де.Тәжірибелі ойыншылардың стримдерін көрудің өзі ойын құрылымын тани білу мен түсінуге жеткізеді Стример гейминг кезінде сіздің байқамай қалған ойынның кейбір аспектілерін түсінуіңізге бағдар беруі мүмкін.

Ойынға деген тәсіл оның түрлеріне байланысты өзгереді. Негізінде бұл егер сіз бір ойынды ойнай отырып,с ол ойында бірнеше жетістіктерге жеткен соң, карта ойындарын ойнап көруге шешім қабылдаған кезде байқалады Осы ойынға амал жасау түбегейлі ерекше болуы тиіс екендігін, және де мұның мәні сіздің ойынға қабілетті екендігіңізде емес екендігін түсінуіңізге мүмкіндік береді.

Әрине, кез келген ойынды танып-білу барысында мән берерлік кейбір базалық тәсілдер бар. Мысалы, ұдайы тәжірибе алып отыру сізді біртіндеп жетілдіріп қана қоймай, сондай-ақ кез келген ойында қандай да бір базалық құзыретке жетуіңізге көмегін тигізеді.

Базалық құзыреттер ойыншыларға бірінші рет ойнағанда кейде табысқа жетуқиынға соққанда, өз кезегінде ойындардың көп аспектілерін орындауларына септігін тигізеді. Сол себепті, кибератлеттердің басым көпшілігі ойын аспектілерін секцияларға бөлуге және әрқайсысын кезекпен қанша рет орындау керек болса, сонша рет орындауға кеңес береді. Сондықтан, егер сіз бірінші деңгейден қиындықпен өткен болсаңыз, онда екінші деңгейге түсуге асықпаңыз. Бірінші деңгейді автоматты түрде ойнауды меңгермейінше, осы деңгейде ойынды жалғастыра беріңіз.

Ең бастысы – егер сіз киберспортпен шындап айналысқыңыз келсе, онда шыдамдылық таныта біліңіз. Үнемі жолы бола беру деген нірсе болмайды.осындай ұзақ, қиын жол сізді түбінде жеңіске жеткізетіні айдан анық.

0
0
180

Осы тақырып бойынша