Мәжіліс Төрағасы: референдумға қатысып, тарихи таңдау жасайық
Ерлан Қошанов жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қазір елімізде ауқымды өзгерістер болып жатқанын айтып, өңір халқын Абай облысының құрылуымен құттықтады.– Семей – Алаш арыстарының басын қосқан қазақ руханиятының қара шаңырағы. Сондықтан тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, аумақтық жағынан, халық саны жағынан алсақ та, әділ шешім болды деп ойлаймын. Ендеше, сіздерді сол тарихи әділеттіліктің орнауымен шын жүректен құттықтаймын, – деді Палата Спикері.Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Президенттің Абай облысын құру туралы шешімі аймақтың одан әрі өркендеуіне тың серпін береді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, инвестиция тартылады және кәсіпкерліктің дамуына жаңа мүмкіндіктер пайда болады.Абай өңірі, Семей жері тарихтың жаңа парағын ашты. Біз Абай облысының шаңырағын хал…
