Қазақстанның бірнеше қаласында әйелдер зейнет жасын төмендетуді талап етті
Рұқсат етілген митингілерді «Қазақстан әйелдері қозғалысының» әр өңірдегі өкілдері ұйымдастырған. Ресми тіркелмеген бұл қозғалыс әйелдердің зейнет демалысына 58 жастан шығуын талап етіп, былтырдан бері Қазақстан қалаларында түрлі акция өткізіп жүр.Ақтөбедегі митингіні белсенді Ольга Смирнова ұйымдастырған. Белсенді митинг қарсаңында Қазақстанның әр өңіріндегі жақтастарымен бірге Нұр-Сұлтан қаласына барып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен кездескен.- Біздің қозғалыс әйелдердің өз қалауы бойынша 63 жасқа дейін жұмыс істеуіне қарсы емес. Бірақ әр әйелде таңдау құқығы болуы тиіс. Мысалы, мен биыл қыркүйек айында 58-ге келемін. Таңдау құқығы болса, зейнет демалысына шығар едім. Қазақстанда мен сияқты мыңдаған әйел бар. Сондықтан біз денсаулығына, басқа да себеп…