Мазмұнға өту

Жаңа

#Қазақстан #конституциялықреформалар

Биылғы жылғы Президент Жолдауы еліміз үшін мән-маңызы ерекше.Бұл Жолдаудың ең маңызды бағыттары елімізде бейбіт өмірдің қадірін бағалау, Қазақстан халқының бірлігін арттыру, бүкіл халықты жаңа біртұтастыққа үндеу деп ойлаймын. Осы Жолдаудағы өзгерістер мен жаңа талаптарды қабыл алып, сонымен жұмыс жасаумыз керек. Өйткені мемлекетіміздің тәуелсіздігін, бейбітшілігін сақтап, оны одан әрі дамыту-баршамыздың ел алдындағы борышымыз.

0
0
464

Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 мамырда өткен Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ Жақсыбай ауылдық округі әкімінің сайлауына өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты. Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 558 сайлаушының 88,5 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Бурекешова Диана Амангелдіқызына 201 (екі жүз бір), Қаратаев Алмат Бақытұлына 228 (екі жүз жиырма сегіз) дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Қаратаев Алмат Бақытұлы Жақсыбай ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Қаратаев Алмат Бақытұлы, 01.02.1974 жылы туылған, ұлты қазақ, Жақсыбай ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарған, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылының тұрғыны.

0
0
247

Борсы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы

Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 22 мамырда өткен Борсы ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЫ Борсы ауылдық округі әкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан 1 үміткер, өзін-өзі ұсынумен 2 үміткер қатынасты. Сайлау күні барлық тізімге енгізілген 386 сайлаушының 93,5 %-і сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Кандидаттар Аманғалиева Ақбөбек Сұлтанғалиқызына 10 (он), Бақтығалиев Зинхар Махметденұлына 317 (үш жүз он жеті), Ғазезов Ұшқын Қайратұлына 21 (жиырма бір) дауыс берілді. Дауыс беру нәтижесінде Бақтығалиев Зинхар Махметденұлы Борсы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Бақтығалиев Зинхар Махметденұлы, 27.06.1989 жылы туылған, ұлты қазақ, Борсы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымын атқарған, «AMANAT» партиясының мүшесі, Батыс…

0
0
214

Қоғамдық қабылдау

Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастарды жұмысқа орналастыруға жағдай жасайды. Өз кезегімізде мемлекеттік бағдарламар бойынша жастарға насихат жұмысын жүргіземіз. Бүгін орталық басшысы және “AMANAT” партиясының мәслихат депутаты ретінде жұмыссыздық мәселесі бойынша Тау ауылының тұрғынын қабылдадым. Мәселе оңтайлы шешілді.

0
0
187

Борсы және Жақсыбай ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы өткізілуде

Борсы мен Жақсыбай ауылдарында әкім сайлауы өтуде Бүгін, яғни 22 мамырда Жәнібек ауданының Борсы және Жақсыбай ауылдық округтері әкімдерінің кезекті сайлауы өткізілуде. Әкімдерді сайлау бойынша №150, 151, 152 учаскелер сағат 07.00-ден бастап жұмыс жасауда. Борсы ауылдық округі бойынша ауыл әкімі лауазымына үш, Жақсыбай ауылдық округі бойынша екі үміткер тіркеліп, сайлауға қатысуда. Сағат 14.00-дегі мәліметке сай, Жақсыбай ауылы бойынша сайлаушылардың 59 пайызы, Борсы ауылы бойынша сайлаушылардың 71 пайызы учаскелерге келіп өз дауыстарын берді. Сайлау барысын байқау үшін саяси партияның, қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары және кандидаттардың сенім білдірген өкілдері қатысуда. Сайлау кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады

0
0
218

Жаңа Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!

2022 жылдың 5 маусым күні елімізде Конституцияға енгізілетін түзетулер бойынша жалпыхалықтық референдум өтетіні баршамызға мәлім. Сіздерді еліміздің негізгі Заңы баптарының үштен бір бөлігіне өзгерістер енгізуге дауыс беруге шақырамын. Елімізде орын алғалы тұрған өзгерістерге атсалысып, Жаңа Қазақстанның дамуына өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз! #referendumAMANAT

0
0
198

"Талов" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті.

Талов ауылында ақпараттық-насихат тобының мүшелері ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы "Талов" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.#referendumAMANAT

0
0
230

Тұрғындарды қабылдады

Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Азамат Сафималиев алдын ала жазылған Жәнібек ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген сегіз адамның дені тұрғын үй, жұмысқа орналасу және грант алу мәселелері бойынша жүгінді. Тұрғындардың өтінішін мұқият тыңдаған аудан басшысы күні бүгінге аудан бойынша 387 азамат үй кезегінде тіркеуде тұрғанын, үй кезек бойынша берілетінін айтып, жұмысқа орналасу, грант мәселелері бойынша қабылдауға қатысқан дербес бөлім басшыларына жұмыстану жөнінде бірқатар тапсырма берді.

0
0
192

"Жақсыбай" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті

Жақсыбай ауылында ақпараттық-насихат тобының мүшелері ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы "Жақсыбай" БПҰ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.#ReferendumAMANAT

0
0
174

«Ихсанов» БПҰ мүшелерімен кездесу өтті

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының жанындағы құрылған штабтың мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Тахир Кадимов, Біржан Қуанәлиев және Берік Ихсанов ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жарлығына сәйкес ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін республикалық референдум туралы «Оңтүстік-Шығыс» және «Ихсанов» БПҰ мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуде ақпараттық-насихат тобының мүшелері Референдум демократиялық даму жолындағы елдің таңдауы және ел өміріндегі аса маңызды шара деп атап өтті. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.#ReferendumAMANAT

0
0
292