Мазмұнға өту

Жаңа

Ұзынкөл ауылында болып, мектеп және балабақша ұжымдармын кездесіп қайтты

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 2022 жылғы 5 маусымда өткізілетін Республикалық референдумға байланысты қазіргі кезде бекітілген күнтізбелік жоспарға сай ел аумағында үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстар шеңберінде "AMANAT" партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаты, М.Б.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінің директоры Берік Ихсанов және аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов Ұзынкөл ауылында болып, мектеп және балабақша ұжымдармын кездесіп қайтты. Кездесуде Берік Ихсанов және Тахир Кадимов референдум маңыздылығына тоқталып, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірді. Сонымен қатар, үгіт-түсіндіру тобының мүшелері жиналысқа қатынасқандардың сұрақтарына жауап берді. Берік Ихсанов аудандық м…

0
0
268

Партиялық қордан 100 мың теңгеден табыстап кетті

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуанәлиев Жақсыбай және Талов ауылдық округтерінде топан судан зардап шеккен 20 отбасыға облыстық партиялық қордан 100 мың теңгеден табыстап кетті. Ауыл тұрғындары «AMANAT» партиясына ризашылықтарын білдіруде.

0
0
237

Жақсыбай ауылының тұрғындарымен кездесті

"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық штабының мүшелері облыстық мәслихат депутаты Есқайыр Илемесов, аудандық мәслихат депутаттары Б. Қуаналиев және Б. Қарақұлов Жақсыбай ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында 5 маусымда өтетін референдум туралы ақпарат айтылды, сондай-ақ Конституцияға ұсынылған түзетулер мен толықтырулар бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер берілді. Жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

0
0
256

Жастарды жұмысқа орналастыру

Жәнібек аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жастарды жұмысқа орналастыруға жағдай жасайды. Өз кезегімізде мемлекеттік бағдарламар бойынша жастарға насихат жұмысын жүргіземіз. Бүгін орталық басшысы және “AMANAT” партиясының мәслихат депутаты ретінде жұмыссыздық мәселесі бойынша ауыл жастарын қабылдадым. Жасыл Ел жобасы аясында жұмыссыз жастар, студенттер, мектеп оқушылары сабақтан бос уақытында, денсаулығына кедергі келмейтіндей жағдайда жұмысқа шығарылатын болады.

0
0
252

«Есіктен есікке» акциясы

Бүгін аудан орталығында 5 маусымда өтетін Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумға байланысты «Есіктен есікке» акциясы аясында референдум жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. #ReferendumAMANAT

0
0
192

"AMANAT " партиясының мүшелерiмен онлайн форматта жиналыс өткiзiлдi

"АMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Қуанәлиевтің қатысуымен 2022 жылдың 5 маусымында болатын референдумға байланысты "AMANAT " партиясының мүшелрiмен онлайн форматта жиналыс өткiзiлдi. Партияластарымыз 5 - маусымдағы референдумда сайлау учаскелерінде "АMANAT" партиясының өкілдері болып қатысады. АMANAT партиясының cайлауға қатысатын өкілдері нұсқаулықтармен таныстырылды. Өкiлдердiң мiндеттерi мен құқықтары түсiндiрiлдi. #Referendum_AMANAT 2022

0
0
247

Берік Ихсанов аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады.

"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаты Берік Ихсанов аудан тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады. Қабылдауға келген екі адам тұрақты жұмысқа орналасу және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселе бойынша жолықты.Берік Ихсанов қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселелері оң шешімін табатынын атап өтті.

0
0
215

Дәйексөздер

#Балалар_әдебиеті #Балалар_әдебиетінің_кейіпкерлері_сөйлейді #Балалар_кейіпкерлерінің_сөздері #Балаларға_арналған_әдебиеттер #Балалар_шығармалары #Балаларға_арналған #Дәйексөздер #Балалар_әңгімелерінен_үзінділер #Үзінділер

0
0
548

Ауыл тұрғындарын қабылдады.

"AMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаты Біржан Куаналиев ауыл тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар материалдық көмек көрсету мәселелері бойынша сұрақтарымен жолықты. Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселелерің шешу жолдарын түсіндіріп берді.

0
0
221

#Қазақстан #конституциялықреформалар

Биылғы жылғы Президент Жолдауы еліміз үшін мән-маңызы ерекше.Бұл Жолдаудың ең маңызды бағыттары елімізде бейбіт өмірдің қадірін бағалау, Қазақстан халқының бірлігін арттыру, бүкіл халықты жаңа біртұтастыққа үндеу деп ойлаймын. Осы Жолдаудағы өзгерістер мен жаңа талаптарды қабыл алып, сонымен жұмыс жасаумыз керек. Өйткені мемлекетіміздің тәуелсіздігін, бейбітшілігін сақтап, оны одан әрі дамыту-баршамыздың ел алдындағы борышымыз.

0
0
462