"AMANAT " партиясының мүшелерiмен онлайн форматта жиналыс өткiзiлдi
"АMANAT" партиясы Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Б.Қуанәлиевтің қатысуымен 2022 жылдың 5 маусымында болатын референдумға байланысты "AMANAT " партиясының мүшелрiмен онлайн форматта жиналыс өткiзiлдi. Партияластарымыз 5 - маусымдағы референдумда сайлау учаскелерінде "АMANAT" партиясының өкілдері болып қатысады. АMANAT партиясының cайлауға қатысатын өкілдері нұсқаулықтармен таныстырылды. Өкiлдердiң мiндеттерi мен құқықтары түсiндiрiлдi. #Referendum_AMANAT 2022

