Қарыз алдындағы «парыз»
Осы күнде қара халықтың ішінде несиесі жоқ адам бар ма? Бас-басына кредит алып, соны қалай қайтарарын білмей әуре-сарсаңмен өтіп жатқан өмір, әйтеуір. «Голливуд фильмдерінде банда банкты тонайды, бізде банк халықты тонайды» деген әзіл-шыны аралас әңгіменің жаны бар-ау осы. Жарнамасы жалт-жұлт еткен банктер несиені ойына келген пайыздық өлшеммен оңды-солды таратып жатыр, күні қараған бұқара алды-артына қарамай алып жатыр. Ал, арты не болды? Банк қожайындарының дені «Форбстың» миллиардерлер тізімінде, халық болса шыңырауға ғарыштық жылдамдықпен құлдилап барады. Не халыққа болыса алмай, не қаржы ұйымдарының аранын тежей алмай өкіметім отыр. Бұл ұлттық проблемаға жоғарыдан қарасақ, дінімізде пайызбен ақша беру де, алу да арам еді. Қу ақша мен несие құрдымының күшейгені сонша «Заман өзгерді, з…