Мазмұнға өту

Жаңа

«Ордабасы» — «Қайрат» матчын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 14 тамызда, футболдан Қазақстан чемпионатының 23-ші туры аясында кезекті ойын өтеді.

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдайды. Бұл ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 17:50-де ккөрсетеді.

Еске сала кетейік, ҚПЛ-дың 23-ші турындағы алғашқы ойында «Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» 1:0 есебімен ұтып, әзірге чемпионаттың 1-ші орнына шықты.

0
0
181

Қазақстандық телеэкранға бірегей Мойнақ ГЭС-і жайлы түсірілген отбасылық кинолента эфирге шығады

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша "Астанателефильм" киностудиясы "Жарық" хикаясының түсірілімін аяқтады. Премьера "Қазақстан" телеарнасының эфирінде 31 тамызда көрсетілетін болады. Бұл туралы "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының Баспасөз қызметі хабарлайды. "Жарық" - көрермендерді көптеген эмоциялар күтетін көңілді отбасылық сага. Қызық сюжетті хикая кейіпкерлері бір-біріне ғашық болып, аяқ асты ажырасады, жақындарын тауып, енді бірде іздеу салып жатады, бірге әр түрлі тосқауылдардан қашып жатады. "Жарық" оқиғалары "жоғары кернеу аймағында" - бірегей Мойнақ ГЭС айналасында өрбитін болады. "Сіз гидроэлектростанцияда болып көрдіңіз бе? Міне күш қайда жатыр! Міне мінез қайда!", - түсірілімнің процесін режиссер Бактияр Сейтказиев осылай сипатта…

0
0
686

Шашыңыз шаршатқанда

Ұйқыдан ояна салысымен, айнаға қарағанда шашыңыз ұйпа-тұйпа болып, көңіл-күйіңізді жабырқата ма? Табиғи өңі өзгерген шашыңыз жылтырамай, саулығына зақым келген болса, кәдеге жарайтын мағлұматтарды қағаз бетіне түртіп алып, ой түйіңіз. Тұңғыш рет «Әйел бақыты» хабарында айтылған пайдалы кеңестер топтамасын сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмыз. 1. «Шашым-сәнім». Шашыңызды аптасына екі рет арнайы сусабынмен жуған соң, тері астындағы шашты қоректендіріп отыру үшін бальзам, майларды қолдануыңызға әбден болады. Сусабыныңызды екі айда бір рет ауыстырып тұрғаныңыз абзал. 2. Шаш бұрымын тарақтың көмегімен түбінен көтере кептіріп, фенді 10 сантиметрден кем тақатпаған жөн. 3. Қолаң шашты болсаңыз, ұшынан бастап тарай бастаңыз. 4. Шаштың ұшын екі айда қысқартып отыруды әдетке айналдыру керек. 5.…

1
0
360

Теңге ілу чемпионатына қатысатын елдердің қатары көбейіп келеді

30 тамызда Астанада өтетін Теңге ілуден І Ашық Азия чемпионатына қатысуға ынта білдірген мемлекеттер қатары күн санап көбейіп келеді.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Алтай Республикасына қарасты Қосағаш ауданынан Ербол Еділбаев бастаған теңге ілушілер, сондай-ақ, Тұрал Әлиевтің жетекшілігімен Әзірбайжан елінің спортшылары, Бенсзе Иштван бастаған Венгрия, Оразбек Тойғанбаев бастаған Қырғыз елінің спортшылары, Ахат Қуанышұлы бастаған Қытай елінің сайыпқырандары, Махмад Хакимовтің жетекшілігіндегі тәжікстандық жігіттер, Рахимжан Ходжиматов бастаған Өзбек азаматтары, Түркия елінен Алпарслан Жейлан және Моңғолияның Бай-Өлке аймағынан Әуесхан Ром басқарған қандастарымыз келеді, деп күтілуде, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі.

0
0
1194

«Барыс» хоккейден Президент Кубогын ұтып алды

Елордалық «Барыс» Астанада өткен ҚР Президенті Кубогының финалында «Адмирал» (Владивосток, Ресей) командасын 3:2 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Матчтың алғашқы минуттарынан бастап «Барыс» басымдықты қолына алып, шабуылды үдетті. Алайда алғашқы кезеңде шайба соғылмады. Ал, екінші кезеңнің 1-ші минутында Брендон Боченски есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Осыдан кейін «Адмирал» ойыншысы Максим Мамин есепті теңестірді. Ойынның 36-шы минутында «барыстық» Евгений Рымарев Талғат Жайлауовтың пасынан кейін есепті 2:1-ге жеткізді. Алайда қонақтар сапынан Константин Макаров шайба соғып, есепті қайта теңестірді. Кездесудің үшінші кезеңінде командалар қанша тырысқанымен есеп өзгермеді. Осылайша матч овертаймда жалғасты. Шешуші кезеңде «Барыс» ойыншысы Талғат Жайлауов тағы бір нәтижелі пас берді. Ша…

0
0
191

Бейжіңде Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының президенті сайланады

Сайлау Әлем чемпионаты аясында 12-20 тамыз аралығында өтпек.

Сайлауға үш үміткер түскен. Бірі, сырықпен секірудің һас шебері, танымал спортшысы Сергей Бубка, екіншісі Британия Олимпия ассоциациясының өкілі – Себастьян Коэдир. Үшінші үміткер қазіргі президент – Ламин Диак.

0
0
200

Шыншылдық деген не?

«Иман айнасы» хабарының қонағы Айбек Қалиев осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек.

Абай мен Шәкәрім шындықтың не екенін көп өлеңдерінде талқылаған. Ал, қазақтың ұлы жазушысы  Мұхтар Әуезовтің «Әділет тілесе, атаңның болсын, айыбын айт»,-деген сөзі бар. Шындық, шыншылдық – аса қажет екені даусыз.  Біреудің ағаттығын  бетіне бассаң, ол мұндай сынды көтере алатыны күмәнді. Біздің қоғамда кейде шыншыл жандардың  ісі өрге баспауы сондықтан. Алайда, бұл сөздің қазіргі таңдағы салмағы қандай? Бүгінгі қоғам шындықты бетке тура айта ала ма? Қазақ шындықты қалай түсінген?

Бүгін «Иман айнасы» хабары сағат 12:40-та осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек. Хабардың қонағы – айтыскер ақын Айбек Қалиев.

0
0
2518

Қызылорда облысында Ұлт жоспарын түсіндіру бойынша аудан жастарымен кездесу өткізілді

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру және талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімінің қызметкерлері Қызылорда облысы Шиелі ауданының жастарымен кездесті. Кездесу барысында Департаменттің Ауданаралық бөлім басшысы Роберт Т. 100 нақты қадамдар мен реформаларды жүзеге асыру мен олардың орындалуын толық түсіндірді. Еңбек ақысын төлеудің факторлы-баллды көрсеткішін енгізу, мемлекеттік қызметке жаңа түсу талаптары туралы, мемлекеттік қызметкерлердің жалпы аттестациялануы, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты одан әрі күшейту сұрақтарына өз баяндамасында кеңінен тоқталды. Жастар өз пікірлерін а…

0
0
470

ІІМ Тергеу департаменті «Респект» ЖШС-ға алданған азаматтарды іздейді.

ІІМ-нің Тергеу департаменті бір топ адамның алаяқтығы фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін жүргізуде. Тергеуде Ибраев Қуаныш Жұмакелдіұлы 2012 жылдың қарашасынан бастап 2013 жылдың желтоқсаны аралығында Астана қаласында «Респект» ЖШС-ны және еліміздің өңірлерінде оның филиалдарын құрғаны анықталды, ол өзінің компаниясы британдық «BANK OF KINGDOM» банкімен келісім бойынша төмен пайыздық ақы бойынша 1 000 еуроға дейін кепілсіз несие ұсынатыны туралы тұсаукесер өткізген. Сонан соң өзінің өкілдері арқылы несие беру жөнінде шарттар жасасқан және әрбір азаматтан 75 мың теңге бастапқы ақшалай жарна ала отырып, жасырынып кеткен. Алданған адамдардың болжалды саны мыңнан асады. Қазіргі уақытта Ж.Қ. Ибраев ұсталды және қамауда отыр. ІІМ Тергеу департаменті Ж.Қ. Ибраев ашқ…

0
0
435

ИИДМБ: Алматы желдеткіш зауыты ағылшын компаиясымен серіктес бола отырып өнім түрлерін арттырады

Алматы желдеткіш зауыты (АЖЗ) қазақстандық кәсіпорны мұнай газ саласы, теңіз платформасы және атом өнеркәсібіне арналған желдеткіш жабдықтардың әлемдік көш басшысы - «NSV» ағылшын компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп ҚР ИДМ NADLoC баспасөз қызметі. Аталып өткендей, Алғашқы рет, Қазақстан аумағында осындай деңгейдегі және масштабтағы өндіруші біздің мамандармен тәжірибе бөліседі, соның арқасында «АЖЗ» өнімдерінің тізбегі 50 атаудан 70-ке дейін кеңееді. Және де, оқшаулауды жергілікті деңгейде өткізу жоспарлануда, бірінші партияны 2016 ж. ТШО жобасы үшін жеткізеді. Тараптар атап өткендей, каспий маңындағы аумақта осындай құзыреті бар өндірушінің пайда болуы қазірдің өзінде Иранға, Әзірбайжанға және Ресейге «Қазақстанда жасалған» логотипімен болашақта жеткізуді жоспа…

0
0
517