Мазмұнға өту

Жаңа

Мониторингтік топ мүшелері Жәнібек ауылындағы бірқатар сауда орындарында болды

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері Жәнібек ауылындағы бірқатар сауда орындарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, сапасы мен қамтамасыз етілуі бойынша бақылау жүргізді.

Арнайы жасақталған мониторингтік топтың құрамында партия жанындағы кәсіпкерлік және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, бастауыш партия ұйымының төрағалары бар.

Осы орайда топ мүшелері кәсіп иелеріне бағаларды тұрақты ұстап тұруға және бағаны негізсіз көтеру жауапкершілікке тартылатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта партия тарапынан өңірдегі сауда орындары мен базарлардағы тауарлардың бағасына тұрақты бақылау және талдау жұмыстары жүргізіліп тұрады.

#AMANAT

#АсхатОралов

0
0
251

Ауыл-аймақты аралаған депутаттар — Жәнібекте

Парламент депутаттары бүгінде еліміздің әр өңірінде ауыл-аймақты аралап, тұрғындармен кездесулер өткізіп жүр. Көптің көкейіндегі мәселелерді тыңдап, елдің тыныс-тіршілігімен танысуда. Осы орайда, бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нариман Төреғалиев, Мәжіліс депутаты Мәлік Құлшар және облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева Жәнібек ауданына келіп, аудан тұрғындарымен кездесті.Ең алдымен халық қалаулылары Күйгенкөл ауылдық округіне ат басын тіреп, жақында өткен референдумды, ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтті. Кейін ауыл халқының көкейіндегі жүрген мәселелерді тыңдады. Мәселен, күйгенкөлдіктер ауыз су тапшылығын, «Қазпошта» байланыс торабы жұмысының нашарлығын, ауыл ішіне асфальт төсеу керектігін, ауыл фельдшері шақыртул…

0
0
285

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атқарушы хатшысы Б.Қуанәлиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Кадимов Республикалық маңызы бар Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы жолының 158 – 165 шақырым арасындағы яғни Жәнібек ауылына кіреберіс қақпасынан бастап, айналма жолымен РФ шекарасына дейін жол учаскесінің жағдайымен танысты. Осы учаскінің мердігері «Бекет Сат Жол» ЖШС белгіленген. Осыдан бір ай бұрын өңір басшысы Ғ.Н. Есқалиев іс сапарымен ауданымызға келген кезде аталған мәселе көтерілді. Облыстық АҚ «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры Қ.Мамбетов мырзаның мәліметі бойын…

0
0
290

«Тамбурдағы ең қымбат қойдың» салдарынан қызметтік тергеу басталды

Алдын ала ақпарат бойынша, жануарды № 7 жолаушылар вагонының жолсеріктері алып шыққан. Жануар анықталғаннан кейін бірден Қарағанды станциясына түсірілді. Осы фактіге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп, барлық қажетті шара қабылданатын болады.

«Қарағанды станциясында жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында жануар түсірілді. 2022 жылғы 11 тамызда сағат 06:16-да пойыз бригадасы Алматы-2 станциясына келеді, содан кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, жұмыстан босатылғанға дейін тәртіптік сипаттағы барлық қажетті шаралар қабылданады», - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

0
0
264

Қазақстанда миллион гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды

«Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 миллион 119 мың гектар жер қайтарылды. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 миллион 94 мың гектар жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың гектар жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр», - делінген хабарламада.

Жалпы комиссия аумағы 7,45 миллион гектар жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың гектар, жайылым жер – 6,86 миллион гектар.

0
0
265

Алматыда дизель отынын заңсыз сатқан ЖСШ басшысы сотталды

ҚМА мәліметінше, тергеу барысында ЖШС басшысы жалпы сомасы 14,6 миллион теңгеге 78 тонна дизель отынын шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алу-сатумен айналысқаны анықталған.

«Сот үкімі бойынша айыпталушы кінәлі деп танылып, оған шартты түрде рақымшылық қолдану арқылы 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.

0
0
352

Талов ауылының бағытындағы автомобиль жолының бір бөлігі бүлінгендігі жөнінде хабарлама түсуіне

«AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалына Талов ауылының бағытындағы автомобиль жолының бір бөлігі бүлінгендігі жөнінде хабарлама түсуіне «AMANAT» партиясының партиялық бақылау шаралары шеңберінде партия мүшелері, Жәнібек аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Біржан Қуаналиев және Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов осы жолдың мердігері «РСУ-1» ЖШС өкілімен кездесті. Қазіргі кезде бүлінген учаскелерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылып, жолдарды қыру және тегістеу, жолға цемент-қиыршық тасты қоспасын төсеу жүзеге асырылды. Бүгіңгі күнге жолдың 22 шақырым бөлігіне асфальт төсеу жұмыстары қалпына келтірілді. Өз кезегінде, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Біржан Қуаналиев және Тахир Кадимов мердігер өкі…

0
0
267

Карашукеев: «Дәл қазір елімізде мал жаю үшін шамамен 16 млн га жайылым жетіспейді…»

Жуырда ғана ел Президенті біздің бастамамызды қолдап, жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жою туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Енді «жұмыс істемейтін», яғни игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекетке қайтару жұмыстары тез әрі тиімді болатынына сенімдімін. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
337

Жылы лебіз

Құрметті, Судья Айгүл Қанатқызы! Сіз жер бетіндегі мен үшін нағыз ең әділетті адамсыз! Сіздің осындай қасиетіңізге ата анаңыз шексіз қуануы керек! Сіздей әділ жанды тәрбиелеп шығарған ата анаңыз мың жасасын! Сіз өмірде жанұяңызбен бақытты болыңыз!

Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Енді ғана Жаңа Қазақстанның лебін сезінгендеймін!

Құрметпен, Оспанов Береке Топанбайұлы ағаңыз.

10.08.2022 ж.

0
0
611

Атырауда Бақытгүл Хаменованың соты басталды

Процесс Атырау қалалық N2 сотында өтіп жатыр.

Бақытгүл Хаменовамен бірге айыпталушылар орындығында облыстық мәдениет басқармасының бастығы Ақылбек Рысқалиев пен «Балқыту» ЖШС директоры Өміртай Адамов бар. Екі шенеунік пара алғаны үшін сотталып жатса, Адамов пара бергені үшін істі болды.

Фото алынды total.kz

0
0
305