«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Жәнібек ауданында іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттердің орындалуына партиялық бақылау жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атқарушы хатшысы Б.Қуанәлиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Т. Кадимов Республикалық маңызы бар Казталовка – Жәнібек – РФ шекарасы жолының 158 – 165 шақырым арасындағы яғни Жәнібек ауылына кіреберіс қақпасынан бастап, айналма жолымен РФ шекарасына дейін жол учаскесінің жағдайымен танысты. Осы учаскінің мердігері «Бекет Сат Жол» ЖШС белгіленген. Осыдан бір ай бұрын өңір басшысы Ғ.Н. Есқалиев іс сапарымен ауданымызға келген кезде аталған мәселе көтерілді. Облыстық АҚ «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры Қ.Мамбетов мырзаның мәліметі бойынша осы учаскіге ерекше назар аударылып, жұмысы тез арада басталатынын айтты. Алайда күні бүгін бірде бір метр жолы әліде салынған жоқ. Осы орайда мәслихат жанындағы «AMANAT» партиясының фракция мүшелерінің атынан облыстық АҚ «ҚазАвтоЖол» филиалының директоры атына күрделі жөндеу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолданды.
