Нұрлан Өнербаев


Жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар қаладағы екі ауруханаға келіп түскен. Жедел қызметтер науқастар мен қызметкерлерді эвакуациялады, көліктер қауіпсіз қашықтыққа шығарылған.«Қазіргі уақытта қаланың жедел және төтенше қызметтері Алматы аумағындағы екі медицина мекемесінде ақпаратты тексеріп жатыр. Осындай хабарламаларға қатысты алғашқы кешенді шаралар жүргізіліп жатыр, оның ішінде адамдарды эвакуациялау да бар. Оқиға орнында сапер бөлімшелері жұмыс істеп жатыр», - деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.Кейін полиция өкілдері тексеру қорытындысы бойынша «бомба қойылғаны» туралы ақпарат жалған болып шыққанын айтты.«ПД Жедел бақылау орталығы мәліметінше, таңғы сағат 10:57-де екі нысанда жұмыстар тоқталды. Ақпарат жалған болып шықты, жарылғыш құрылғылар табылмады. Меди…
Нәтижесінде 3,5 мың бір реттік дозаға тең салмағы 1 келіге жуық синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын Өскемен қаласына әкелмек болған 35 жастағы алматылық ұсталды.Ұстау барысында автокөлікте онымен бірге жұбайы да отырған. Қаскөй күдікке ілінбес үшін әйелін әдейі жолға алғаны мәлім болды. Біраз уақыттан соң қылмыстық топтың екінші қатысушысы да қолға түсті. Ұсталған 29 жастағы ер адамнан 2 мың дозаға тең 600 грамм синтетикалық есірткі тәркіленген. Тінту барысында одан құрамында 0,5 келіден аса альфа-PVP психотроптық сұйықтығы бар 5 пластикалық ыдыс тәркіленген.«Қабылданған шаралар нәтижесінде, облыс орталығында шамамен мөлшері 8 мың бір реттік есірткі дозасын жеткізудің арнасы жойылды, оның "қара нарықтағы" құны шамамен 65 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі де…
Оқиға 17 тамызында Щучинск қаласындағы футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірге басын жаралап алғаны туралы хабарлама келіп түскен.«Дерекке қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі («Сапасыз құрылыс») бойынша соталды тергеуді бастады. Тергеу аясында балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламда.Темір баланың басына кіріп кеткен. Оны облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері аман алып қалған. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше,…
«Тергеу барысында «Новая жизнь 2030» және «Жүрек жылуы» қоғамдық бірлестіктерінің 2019-2022 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімдігімен ымдау тілі маманының қызметін көрсету бойынша жалған мәмілелер жасағаны анықталды. Алайда нақты қызмет көрсетілмеген. Бұл үшін бюджеттен бөлінгеннен әлдеқайда аз жалақы алатын бөгде мамандар тартылды. Мемлекетке 10 миллион теңгеге жуық шығын келген», - делінген хабарламада.
ҚМА мәліметінше, сот қоғамдық бірлестіктер басшысын 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.
Мобильдік топ келдіЕліміздегі «Ауыл аманаты» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған мобильдік топ өз жұмысын бастады. Аталған топ республикалық ақпараттық марафон аясында өңірімізге де келіп жетті. Мобильдік топтың мүшелері партия филиалдарының атқарушы хатшылары, аудандық мәслихат депутаттары, бизнес тренерлер. Топ құрамы «AMANAT» партиясының қолдауымен ауданға атбасын тіреп, Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Басты мақсат – тұрғындардың табысын ұлғайту.Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, басқосудың басты мақсатын айтып,топ мүшелерін таныстырды. Кездесуде тұрғындарға ауылдың хал-ахуалына маркетингтік бизнес-жоспарын әзірлеу, ұсақ шаруашылықтарды құру сауаттылығын арттыру мақсатында әдістемелік көмек берілді. Сондай-ақ, кездесуге…
«Сот барысында сотталушы Александр Смирнов анасын қалай ұрғаны есінде жоқ екенін, енді мұндай жағдай қайталанбайтынын айтып, кешірім сұрады. Алайда егде жастағы әйел баласын кешірмейтінін айтты. Сот үкімімен Александр Владимирович Смирнов баптың 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленсін», - деді Алатау аудандық сотының судьясы Гүлзат Шардарбекова.Еске салайық, мамырда көшеде ер адамның егде әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосы Қазнетті елең еткізді. Кейін белгілі болғандай, 74 жастағы анаға шабуыл жасаған ұлы. Оған әйелімен жанжал себеп болған. Кейін ер адам соталды тергеп-тексеруге дейін қама…
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, жәбірленуші 9 жаста. Аzattyq Ruhy басылымына жәбірленушінің анасы 48 жастағы көршісі кішкентай қызын қорлағанын айтқан. Қазір қызға медициналық көмек қажет, себебі ағзасы қатты зақымданған.
«Сараптама әлі дайын емес, бірақ сот-медициналық сараптама қаралды. Қасында өзім болдым. Оның туысының полицияда жүргені қорқынышты», - деді анасы.
Соталды тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120 және 121-бабының 4-бөлігінде көзделген іс-әрекеттер бойынша айып тағылған күдікті адам анықталды. Күдіктіге қатысты сот «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Балаға медициналық көмек көрсетілді.
Фото алынды evg-crystal.ru
Жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты республика бойынша ЖОО және техникалық, кәсіптік білім беру мекемелеріне қоғамдық мониторинг жүргізуді бастады. Акцияның мақсаты – жоғары оқу орындары мен колледж жатақханалары жағдайының сапасын арттыру, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау.