Жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру
Жатақханалардың жаңа оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанаты республика бойынша ЖОО және техникалық, кәсіптік білім беру мекемелеріне қоғамдық мониторинг жүргізуді бастады. Акцияның мақсаты – жоғары оқу орындары мен колледж жатақханалары жағдайының сапасын арттыру, санитарлық нормалар мен қауіпсіздік шараларын сақтау.
