Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Щучинскідегі ойын алаңында кәмелетке толмаған бала ауыр жарақат алды

Оқиға 17 тамызында Щучинск қаласындағы футбол алаңдарының бірінде болған. Сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жастағы бала қоршаудан шығып тұрған темірге басын жаралап алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Дерекке қатысты құқық қорғау органдары ҚР ҚК-нің 278-бабы 1-бөлігі («Сапасыз құрылыс») бойынша соталды тергеуді бастады. Тергеу аясында балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан «Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамасы тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр», - делінген хабарламда.

Темір баланың басына кіріп кеткен. Оны облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері аман алып қалған. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, темірді алғанда баланың көзі мен миы, ірі тамырлары зақымданбаған.

0
1
606

Осы тақырып бойынша