Елордалық жанкүйерлер «Галатасарай»-«Астана» матчын «Қазмедиа орталығында» тамашалай алады
Астанада өткен алғашқы матчта ойын 2:2 есебімен тең аяқталған.

8 желтоқсаннан 9-ына қараған түні елордадағы «Қазмедиа орталығы» киноконцерт залында «Астана» президенттік кәсіби спорт клубы «Галатасарай»-«Астана» футбол клубтарының арасында УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің соңғы турдағы матчтың тікелей көрсетілімін ұйымдастырады.
Стамбұлда өтетін ойынды тамашалауға келушілер үшін орын саны шектеулі. Сондықтан, ұйымдастыраушылар жанкүйерлерден матчқа алдын ала келіп орын алуларын өтінеді.
Зал сағат 00:30-дан бастап ашылады. Кіру тегін.
