«AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті
📷«AMANAT» партиясы Президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсындыАстанада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі өтті. Іс-шараға 1200-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Саяси кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, өңірлерден келген делегаттар, сондай-ақ сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т. б. болды.Күн тәртібіне сәйкес, бірінші кезекте алдағы президент сайлауына партиядан кандидат ұсыну мәселесі қаралды.📷Өз сөзінде, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының атынан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.📷«Қазіргі әлемдегі күрделі жағдайда, алмағайып уақытта бізге ең әуелі мемлекеттік жауапкершілікті терең сезінетін тегеурінді Тұлға керек. Ауқымды өзгерістер өзінің заңды жалғасын табуы тиіс. Ал мемлекет алдында тұр…
