ru
Default banner
Новости
Новости
5 962 жазбалар425 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Жолдауды талқылады

Қазақстан - көпұлтты мемлекет,келісім мен бірліктің аясында 130 –дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүруде. Қазақстан олардың да Отаны болып саналады.Сондықтан Қазақстан ұлттық мемлекеттің түрі болғанымен, барлық ұлттар үшін құрылып, қызмет атқаратын саяси ұйым. Өзге ұлт өкілдері Қазақстан жеріне XIX ғасырдың және XX ғасырлардың арасын қамтитын кезеңде қоныс аударғанын тарихи деректерден білеміз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты еліміздегі өзге этностық ұлттар өз атажұрттарына жақсы өмір іздеп, немістер-Германияға, гректер-Грецияға, орыстар-Ресейге, украйндар-Украйнаға т.б. ұлттар көше бастады.

Бүгінде, елімізге оралған барша қандастарымызбен қатар, өзге ұлт өкілдерінің басын біріктіріп отырған біздегі бірден бір ұйым – Қазақстан Халқы Ассамблеясы бар. Көтеретін жүгі ауыр осы ұйымның қызметкерлерімен бүгін Президент Жолдауын талқылау шарасы өткізілді.