«Жер Аманаты» өңірлік комиссиясының отырысы өтті
Осы орайда, «AMANAT» партиясының Манғыстау облыстық филиалы жанынан құрылған «Жер Аманаты» комиссиясы отырысының отырысы өтті.
Комиссия отырысына Маңғыстау облыстық жер қатынастар басқармасы, жер ресурстарын басқару департаменті және комиссия мүшелері, белсенділер қатысты.
Маңғыстау облыстық жер қатынастар басқармасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған және заңсыз бөлінген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша жасалған жұмыстары туралы баяндады.
Оның айтуынша, ауылшаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және тұрғындардың жайылымға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізіліп отыр.
Сондай-ақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы Облыс көлемінде 8827,093 гектар құрайтын 11 жер учаскесі, кәсіпкерлік мақсаттағы көлемі 31,6395 гектар құрайтын 30 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.



