Мазмұнға өту

Жаңа

Нақыл сөз оқып көріңіз!

Нақыл сөз (афоризм) – мағынасы терең, ойды қысқаша бейнелейтін, мақал-мәтелге ұқсас, айтуға оңай көркем сөз тіркесі. Яғни қысқа, әрі ойлы, авторы белгілі, тұжырымды ереже-қағидалар. Бүгін сідердің назарларыңызға күнделікті қажетті бірнеше нақыл сөздер қатарын ұсынамын! Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза. «Егер жақсы өмір сүргің келсе жақсы адам ізде, ал жақсы адам тапқын келсе жақсы сөйлеп, жақсылық жаса» « Жомарт жан әр кез жорттып жүреді, сараң адам үнемі қорқып жүреді» «Жақсы адам қателессе қатесінен сабақ алады, жаман адам қателессе өзгеден өш алады» «Сиыр сүзеді, жылқы тебеді, ит тістейді ал адам осының бәрін істей алады» «Сезімге берілген адам қателікке ұрынады тек сезімді бағалай білген адам ғана беделге ие болады» «Әлемдегі ең сұлу әйел ол жүкті әйел» «Баласы бардың жарасы бар»…

2
0
2949

Дерсу Узала-Жиырма тоғызыншы тарау

Жиырма тоғызыншы тарау ЖOЛБАРЫСТЫҢ ШАБУЫЛЫ Eртeңінe, жeлтoқсанның 23 күні, біз тағы ілгeрі жүрдік. Тынығып алған сoң, адамдарымыздың бәрі дe жайда-рыланып, аяқтарын ширақ басып, көңілді жүріп кeлeді. Күні бoйы oн сeгіз шақырым жeр жүрдік тe, eкі қарт: удэхe шалы мeн қытай шалы бұлғын аулап кәсіп eтіп oтырған фанзаның қасына жeтіп түнeдік. Мeнің өтe-мөтe Хoр асуына шыққым кeлді: oның жoлының жайын сұрай бастадым. Удэхe Китeнбу (біздің жаңа таны-сымызды oсылай дeп атайды eкeн) бізгe жoлбасшы бoлуға кeлісті. Oның жас шамасы алпысқа кeлгeн бoлу кeрeк. Шашына ақ кіріп, бeтін әжім сызғылаған. Китeнбу дeрeу қамдана бастады. Жамаулы көрпeсін, тeрі бөстeгін, талай рeт жөндeгeн eскі бeрдeңкeсін ала жүрді, мeн шәйнeгімді, жазу дәптeрімді, төсeктік қапшығымды алдым, ал Дeрсу шатырдың кeнeбін, қалияны…

0
0
491

Тағы бір биік асқар тау!

Қазағымда қанша биік асқар тау бар? Сан жетпес. Сол биік шындарымыздың бірі-Әбу Сәрсенбаев жайлы не білесіздер? Шығармашылығымен таныссыздар ма? Егер жоқ болса, мен баяндап берейін. Қазанның 15-ші жұлдызында 1905 жылы Атырау облысы Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Мақаш ауылдық округінің Алға ауылында дүниеге келген. 1929 жылы Астрахань кеңеспартия мектебін бітіріп, 1932-1934 жылдары Алматыдағы Комвузда оқыған. Кейіннен 1934-1936 жылдары «Түрксіб» газетінде редактор, 1936-1942 жылдары Қазақтың мемлекеттік баспасын басқарды. 1942-1947 жылдары Кеңес Әскері қатарында қызмет етіп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1947-1953 жылдар аралығында Қазақтың мемлекеттік оқу-педагогикалық баспасының директоры болды. Өнерге деген махаббаты 30-шы жылдары байқалғанға ұқсайды. «Еділ толқыны» (1937), «Жүрек сыйы» (193…

2
0
3067

Алқызыл желкендер

VI АССОЛЬ ЖАЛҒЫЗ ҚАЛДЫ Лонгрен түнді теңізде өткізді, ол не ұйықтамады, не балық ауламады, тек су сылдырын тыңдап, бетін желге тоса, қараңғы әлемге қарап ойланып отырды да қойды. Өмірінің осындай бір қиын сәттерінде жалғыз жүріп теңізді кезсе болғаны, жаны түлеп, тыңайып шыға келеді. Тамылжыған тыныштық, тек тыныштық пен оңаша серуен ғана көкірегінің көңілсіз де көмескі даусын қайта ширатып, айқындай түсер еді. Бұл түнде ол – келешек пен кедейлік жайлы, Ассоль жайлы көп-көп толғанды. Қызын аз уақыт болса да қалдырып кеткісі келмейді, мұның үстіне сөнген дертін қайта қоздырып алам ба деп қорқады. Бәлкім, ол кемеге қайтып барғасын сонау Капернада жан берісер жары күтіп отыр деп қалар. Сөйтіп, үйіне қайтып келе жатқанда жоққа емексіп, онсыз да қаралы көңілі жаралы болмаса неғылсын. Мери үй т…

0
0
837

Алқызыл желкендер

V ӘСКЕРИ ӘЗІРЛІК Кеменің палубасына көтерілгеннен кейін Грэй желкесін сипап бірер минут қимылсыз тұрып қалды, бұл оның не істерін білмей дағдарған шағы. Айкезбенің жылусыз күлімсірегені сияқты бір енжар сезім ұшпа бұлттай жүзін бір шалып өтті. Оның көмекшісі Пантен тап осы кезде бір тәрелке қуырылған балық әкеле жатқан, Грэйді көрісімен оның бір түрлі аңтарылып тұрғанын сезе қойды. – Сіз, бәлкім, бір жеріңізді соғып алған шығарсыз? – деді ол абайлап. – Қайда болдыңыз? Не көрдіңіз? Айтпақшы, қайда жүрсеңіз де өз еркіңізде ғой. Әлгі бір әзірде делдал келіп аса пайдалы бір сапар жайын айтып кетті, сыйлығы тағы бар көрінеді. Япыр-ау, сізге не болған – Рақмет, – деді Грэй күрсініп, бір ауыр жүктен құтылған кісідей. – Маған керегі сіздің ақылды, қамқор үніңіз екен. Төбемнен суық су құйғандай бо…

0
0
1362

Алқызыл желкендер

IV ҚАРСАҢДА Со бір күннің дәл алдында, өлең-жыр жинаушы Эгль көк теңіздің жағасында бүлдіршін қызға алқызыл желкенді кеме жайлы ертегі айтқаннан кейін арада аттай жеті жыл өткен шамада, апта сайын ойыншық дүкеншесіне барып қайтатын Ассоль осы жолы үйіне қатты ренжіп, мұңайып қайтты. Ол өз тауарын қайтып әкелді. Оның ренжігені сондай, ә дегенде сөйлей алмай қалды, тек әкесінің тағы бір бәле болып қалды ма деп ойлап, үрпие қалған түрін көргенде ғана, Ассоль қасында тұрған терезе әйнегін сипалап, теңізді көзімен шолып әңгімесін айтуға кірісті. Ойыншық дүкенінің қожасы бұ жолы ең әуелі есеп-қисап кітабын ашып, бұған қанша қарызданып қалғанын көрсетіпті. Қыз үш саннан тұратын қыруар қарызды көріп шошып кетеді. «Міне, мынау сендердің желтоқсаннан бері алғандарың, – дейді саудагер, – ал енді мын…

0
0
1066

Алқызыл желкендер

III ТАҢ АТҚАНДА Грэйдің «Құпия» кемесінің артында бұрқырап, көпіршіп қалып жатқан ақ жолақ ізі мұхитты белуарынан тіліп отырып, Лисстің кешкі оттарының жарығына жеткенде ғайып болды. Кеме маякқа таяу келіп рейдке тұрды. «Құпия» он күн ұдайы чесуча жібегін, кофе мен шай түсірді. Он бірінші күні команда жағаға демалысқа шығып, шаршап буына бөгіп жатты, он екінші күні не екенін өзі де білмейді, Грэй әлденені аңсап, жабығып мазасы кетті. Таң сәріден көзін ашар-ашпастан ол күннің қарайып шығып келе жатқанын сезді. Ол тұнжырап жүріп киінді, селқос отырып таңғы асын ішті, газет оқуды ұмытып та кетті, әлдеқалай бір мағынасыз-мәнсіз ойға беріліп, темекісін ұзақ тартты. Көңіліне келіп-кетіп жатқан көмескі бұлдыр сөздер ішінде бір бұйығы тілек пен ашылмаған сырлар да бар сияқты, бірақ олар өзара арп…

0
0
1163

Жұлдызды — еркін әңгіме

Бүгін, Жастар бастамаларын дамыту орталығында аймағымыздың жас әншісі, «Шабыт» халықаралық өнер додасының дипломанты Маусым Шәкімнің есеп беру кешіне арнайы қонақ болып келген  қазақ эстрадасының танымал әншілері Абай Бегей, Асхат Тарғын, Маусым Шәкімнің қатысуымен   пресс – конференция өтті.

Шығармашылықтарындағы ел естімеген жаңалықтарымен бөлісе келген әншілерді Керекулік жастар қауымы ерекше көңіл-күймен қарсы алды.   Жиналған студенттер қауымы әншілердің шығармашылықтарына,  жеке өміріне қатысты сұрақтар қойып, еркін әңгіме өрбіте алды. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген әншілер алға қойған мақсаттары мен жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында жиналған қауым өнерімен елді баурап жүрген жас әншілердің шығармашылығына толағай табыстар тіледі.

0
0
634

Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы 40 млн.АҚШ долларын құрады

Баспасөз хабарламасы 31.03.16 ж. Астана қ. Қазақстан-Венгриялық қордың бастапқы капиталы40 млн.АҚШ долларын құрады Ауыл шаруашылығы секторына стратегиялық инвесторларды тарту және жеке инвестициялар көлемін ұлғайту жөніндегі міндет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында және 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам Ұлт жоспарында айтылған. Астанада ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, Венгрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, және Қазақстан Республикасындағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісінің қатысуымен Қазақстан-Венгриялық тікелей инвестициялар қорының Консультациялық кеңесінің бірінші отырысы нәтижесінде бірлескен коммюнике қабылданды. Құжатқа «ҚазАгро» холдингінің Төрағасы және «Эксимбанк» Бас директорының орынбасар…

0
0
407