Мазмұнға өту
kitap15

kitap15

Сайтта 2016 ж. 3 наурыз

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

5

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Адам балық

«СУ ПЕРІСІ» Бірінші бөлім Аргентина жазының қаңтардағы қапырық түні. Қараңғы аспанда жұлдыздар жамыраған кез. «Медуза» зәкір тастаған күйі тырп етпестен жағада тұр. Шолп-шолп соққан толқын да, сықырлаған кеме құрал-жабдықтары да түн тыныштығын бұза алар емес. Мұхит бейне қалың ұйқыға шомғандай. Кеме палубасында жартылай жалаңаш інжу тергіштер жатқан. Жұмыс пен аптап ыстықтан қалжыраған байғұстар аунақшып, аһылап-үһілеп, ұйқысырап жатып ара-тұра айқайлап та жібереді. Аяқ-қолдары әлсін-әлі ербең ете түседі. Бәлкім, түстерінде ежелгі жаулары акулаларды көріп жатыр ма, кім білсін. Осынау үп еткен желі жоқ тымырсық күндерде жұрттың жұмыстан титықтайтыны соншалық, інжу теру аяқталған соң, байғұстардың қайықтарын палубаға көтеруге де шамалары келмейтін. Әйткенмен, соны көтеріп те қажеті жоқ-ты:…

1
0
3523