Мазмұнға өту

Жаңа

Бұлақты орта мектебінде кездесу өтті

Кездесуге мемориалдық музейдің ғылыми қызметкері Нұрғожа Қыдыр және мектеп ұжымы қатысты.

Жиын барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

0
0
210

"Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында кездесу өтті

Бүгін 2022 жылдың 18 қазан күні "Пугачев" БПҰ - да "Бақытты отбасы" партиялық жобасы аясында ауылдың бірқатар көп балалы аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында "Пугачев" БПҰ - ның төрағасы М.Изтелеуов көп балалы аналарға жылы тілектерін арнап, олармен мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың биылғы 01 қыркүйектегі Жолдауын талқылады. Кездесуге қатысушылардың пікірінше бұл Жолдауда халықтың әл ауқатын көтеретін жаңалықтар бар екенін атап өтіп, соның ішінде әсіресе Ұлттық қордың жыл сайынғы 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады деген шешім көңілімізден шықты деді.

3
0
274

Мәдениет үйінде өткен кездесу

Бүгінгі күні Мерей ауылындағы Мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаныбек Айтжанов, ардагер ұстаз, Қарасай ауданының Құрметті азаматы Ұлтусын Бархинова және Қарасай ауданының Құрметті азаматы, Алматы облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, партия ардагері Амина Абдрамановамен бірлесе Бастауыш Партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Жиын барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

0
0
220

"Хиуаз Доспанова" тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды

18 қазан күні мекемемізде екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен көзге түсіп, жау әскерін жермен-жексен еткен қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы Хиуаз Доспанованың туғанына – 100 жыл толуына орай «Қазақтың қанатты қызы – Хиуаз Доспанова» тақырыбында дөңгелек үстел оздырылды. Шараны мекеме директоры Н.Мизамбаев талай рет көкке самғап, жаудың сағын сындырған қазақ қызының есімін елдің ұмытпағанын әрқашан халық, ұрпақ жадында қалатынын сөзге тиек етті. Оқу-тәрбие ісінің орынбасары С.Избасова Хиуаз Доспанованың өмір жолы, көрсеткен ерлігі туралы өз баяндамасында мәлімдеді. Іс-шараның мақсаты ерлік есімдерін ұлықтау және өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту, Қазақстанның қаһармандық ерліктерге толы тарихына құрметпен қарауға үйрету.

0
0
188

Айбек Дәдебаев:

Өткен аптада Астанада үш бірдей халықаралық жиын өткені белгілі. ҚР Президентінің Іс Басқармасы ауқымды іс-шараларды абыроймен өткізуге белсене қатысты. Аталған мемлекеттік органның басшысы Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасында осы туралы айта келіп, барлық әріптестеріне ризашылығын жеткізді.– Бұл апта еліміз үшін маңызды іс-шараларға толы болды. Елордада халықаралық ауқымдағы бірнеше жиын өтті. Оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға ҚР Президенті Іс Басқармасының ведомстволық ұйымдары белсене атсалысқанын атап өткім келеді. Астанамызға ат басын тіреген мәртебелі меймандарды лайықты күтіп алу, орналастыру, тасымалдау, медициналық көмек көрсету, қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді аса жауапты жұмысты мүлтіксіз атқару оңай шаруа емес. Оған Президент Іс Басқармасына қарасты ұйымдардың 600 қыз…

0
0
295

Ақпараттық топ Ұзынкөл ауылында

Ұзынкөл бастауыш партия ұйымының мүшелері, ауыл тұрғындары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауын талқылады.Бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Ерсайновтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты М.Ибраев қатысты.М.Ибраев Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, түсіндіріп өтті. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаев 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауын еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары мен елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына арналғанын айтып, осы ретте ауыл тұрғындары үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдау, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, Президентіміздің айт…

0
0
238

Жас депутаттардың қатысуымен "Азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуы" тақырыбында диалог алаңы

Ауданның жас депутаты Нұрбол Мендалиевтың қатысуымен диалог алаңында «Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы»тақырыбында жастармен кездесу өтті.

0
0
240

Әділдік іздеп шарқ ұрған адамдардың көпшілігі «Amanat» партиясына келіп шағымданады.

Филиал табалдырығын аттағандардың талайы мұқтаждықтарын айтып, өтініштерін қанағаттандырып кетіп жатты.

Бірі ауыл жағдайын айтып су құбырының жұмыстарын дұрыстауды, мал өткелі, бейіт маңын қоршау, демеушілік тарапынан соғылған монша, Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу сынды және күл-қоқыс тастайын орынның жоғын айтып көмек сұраса, бірі жеке басының мәселелері әлеуметтік көмек, жеке құжаттарын дұрыстау секілді болды. Олардың бәрінің өтініш-тілегі мұқият тыңдалып, мүмкіндігінше оң шешімі табылып, көмек көрсетіліп жатыр. Солардың бірі Балықты ауылдық округіндегі Балықты ауылы, Құрманғазы көшесінің жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған өтініш иесінің мәселесі оңынан болып, қазіргі таңда жол пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

0
0
318