Ақпараттық топ Ұзынкөл ауылында
Ұзынкөл бастауыш партия ұйымының мүшелері, ауыл тұрғындары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауын талқылады.
Бастауыш партия ұйымының төрағасы Ж.Ерсайновтың төрағалығымен өткен жиынға аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты М.Ибраев қатысты.
М.Ибраев Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, түсіндіріп өтті. Ол ҚР Президенті Қ.Тоқаев 1 қыркүйек күні жариялаған Жолдауын еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары мен елдің экономикалық және әлеуметтік мақсаттарына арналғанын айтып, осы ретте ауыл тұрғындары үшін көрсетілетін мемлекеттік қолдау, әлеуметтік саладағы өзгерістер туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар, Президентіміздің айтуы бойынша, жалпы экономиканы артқа сүйрейтін бірнеше факторына да тоқталды. Нақты айтар болсақ , ол – шикізатқа тәуелділік, сонымен қатар цифрландыру саласының әлі де толықтай іске аспауы, салық саласының анық, нақты еместігі. Осындай ұлттық экономиканы артқа сүйрейтін проблемаларды жою үшін Президент ұсынған шешімдерді атап өтті. Ол – адам капиталын дамыту, цифровизация саласында автоматизияны күшейту, барлық салаға алдыңғы қатарлы цифрлы технологияларды енгізу екенін жеткізді. Сөз соңында Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындауда жауапкершілік танытып, алдағы Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.
#AMANAT
#AMANATpartiyasy

