Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әділдік іздеп шарқ ұрған адамдардың көпшілігі «Amanat» партиясына келіп шағымданады.

Филиал табалдырығын аттағандардың талайы мұқтаждықтарын айтып, өтініштерін қанағаттандырып кетіп жатты.

Бірі ауыл жағдайын айтып су құбырының жұмыстарын дұрыстауды, мал өткелі, бейіт маңын қоршау, демеушілік тарапынан соғылған монша, Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу сынды және күл-қоқыс тастайын орынның жоғын айтып көмек сұраса, бірі жеке басының мәселелері әлеуметтік көмек, жеке құжаттарын дұрыстау секілді болды. Олардың бәрінің өтініш-тілегі мұқият тыңдалып, мүмкіндігінше оң шешімі табылып, көмек көрсетіліп жатыр. Солардың бірі Балықты ауылдық округіндегі Балықты ауылы, Құрманғазы көшесінің жөндеу жұмыстарын жүргізуді сұраған өтініш иесінің мәселесі оңынан болып, қазіргі таңда жол пайдалануға берілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табары сөзсіз.

0
0
251

Осы тақырып бойынша

Әділдік іздеп шарқ ұрған адамдардың көпшілігі «Amanat» партиясына келіп шағымданады. - Yvision.kz