Жолдауды талқылауға арналған Бір толқында диалог алаңында Айгуль Туркина белсенді жастармен кездесті
Жолдауды талқылауға арналған «Бір толқында» диалог алаңында Айгуль Туркина белсенді жастармен кездестіМемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауында азат елдің озат ойлы жалынды жастары үшін зор қуаныш және жарқын жетістіктерге жол ашатын мүмкіндіктердің бастауы анық көрінеді. Бүгінде елімізде жастардың білім алуы, жұмысқа орналасуына қатысты туындап отырған мәселелер жеткілікті. Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз ету күн тәртібінде тұр. Әсіресе, ірі қалаларда жатақхана мәселесі әлі күнге шешімін таппай келеді. Мемлекет басшысы Жолдауда жатақхана мәселесі мемлекет мойнындағы жауапкершілік ретінде қала беретінін айтты. Осы орайда жеке меншік жоғары оқу орындарындағы жатақхана мәселесіне мемлекет тарапынан қолдау жасалатындығы да орынды. Бүгінде жастардың алдында үлкен мі…