Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қалалық мәслихат депутаты А.Маратова белсенді жастарымен кездесті

Қалалық мәслихат депутаты Аида Маратова "Еркін пікір" диалог алаңында өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Кездесу аясында Мемлекет басшысы жастар мәселесіне жіті назар аударып, олардың өтініш-тілектеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Осы жайларды ескере отырып, «Jastar ruhy» Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша жоба әзірленді. Бұл бағдарламада негізінен 7 қағидатқа негізделіп, «Жастар – Отанға!» бағдарламасындағы 5 бағыт бойынша дайындалды. Атап айтқанда , азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму мен бос уақыттарын тиімді өткізу. Сонымен қатар жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, бес жылда «Жастар практикасы» бағдарламасымен жас мамандарды дайындау, өзге де өзекті мәселелердің шешімін табу мақсатында жұмыстар атқарылатынын айтты.

Кездесуде белсенді жастар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті.

0
0
199

Осы тақырып бойынша

Қалалық мәслихат депутаты А.Маратова белсенді жастарымен кездесті - Yvision.kz