Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Покатиловка ауылының жастары арасында квест ойын өтті

Покатиловка ауылында жастар арасында квест-ойын өткізілді.

Квест ауыл жастарының бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ұйымдастырды. Бейресми демалыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау және енгізу, сондай-ақ білімін шынықтыру және де туған елінің тарихын білу.

Ойын барысында жастар өз белсенділіктерін танытты. Олар спорттық жарыстармен қатар әртүрлі қызықты жұмбақтарды, логикалық есептерді, лототапсырмалардың жауаптарын шешіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік алды. Креативті ойлау қабілеттерін қалыптастыру мақсатындағы зияткерлік тапсырмаларды орындаған жастар үшін іс-шара олардың интеллектуалдық деңгейін арттыруға, өз өлкеміздіңің тарихы мен мәдениетін жете тануына, терең білуіне негіз бола алды.

#AMANAT

#AMANATpartiyasy

0
0
190

Осы тақырып бойынша

Покатиловка ауылының жастары арасында квест ойын өтті - Yvision.kz