Достық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері Достық ауылдық округінде Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.Кандидаттың сенім білдірген өкілдер Б.Дюсенов және Қ.Ермекбаев Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
- Алдағы үш жыл ауылдық аймақтарды барынша дамытуға арналады. Ауылдағы тұрмыстың қаладағы сияқты жайлы болуына күш саламыз. Игерілмей бос жатқан жерлерді мемлекеттің меншігіне қайтару жұмыстарын тың қарқынмен жалғастырамыз.
Ауылдық жерлерді дамытудың кешенді тұжырымдамасы қабылданады. Бүкіл елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Жеке қосалқы шаруашылықтардың тең жартысы соның құрамына кіреді. Ауыл шаруашылығы саласында 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылады. Жалпы, кооперативтерді дамыту үшін бюджеттен 1 триллион теңгеден астам қаражат жұмсалады. -деген болатын Қ.К.Тоқаев. Сондықтан Қуатты Қазақстанды құруда әр азамат белсене ат салысуы керек- деді сенімді өкіл Қ.Ермекбаев
Сайлауалды бағдарламамен танысқан ауыл тұрғындары алда тұрған жауапты дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатындарын айтты.
#Toqaev2022




