Мобилділік
Сәлеметсіз бе құрметті оқырман, Бірінші дербес компьютер ойлап табылғаннан бастап адам өмірі бір қадам болса да жақсарды. Қолжазбаның қажеті азайды. Қате кетеді, қателесіп қалсам қайтадан басынан жазу керек болады деп уайымдамайсыз, өзіңізге ұнаған сөйлем болса көшіріп әуре болмайсыз. Тышқанның батырмасын немесе пернетақтаны қолданып керек деген сөйлемді өзіңізге көшіре аласыз. Бір сөзбен айтқанда кішкене болса да өмір жеңілдеді. Осының салдарынан зардап шеккендер де бар деп ойлаймын. Солардың біреуі, мысалы, қалам шығару зауыты. Қалам сатып алушылар саны азайды және бұрын қаламға жұмсаған қаражатын қазір компьютер сатып алуға жұмсайды. Былай қарасаңыз бір адам үшін түк емес, ал қалам шығарушы зауыт үшін әр сатып алушы бағалы. Компания қанжығасына түсетін ақша азайды, көп жұмысшылар жұмыс…