Маскатта Қазақстан мен Оман арасында саяси консультациялар өтті
Маскат қаласында Қазақстан Республикасының және Оман сұлтандығының Сыртқы істер министрліктері арасында саяси консультациялар өтті. Қазақстандық делегацияны – ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов, ал омандық тарапты Оман Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммад Аль-Хассан басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ. Тараптар консультациялар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты және көп жақты ынтымақтастық мәселелерінің ауқымды топтамасын, сондай-ақ Оман СІМ басшысы Юсуф бен Алауидің Қазақстанға ресми сапарына дайындық барысын талқылады. Өзекті өңірлік және халықаралық проблемалар бойынша, соның ішінде Қазақстан мен Оманның халықаралық терроризмге қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Осыған орай, тара…
