Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Павлодар облысында шағын ауылдарды дамыту бойынша «Жаңа дем» бағдарламасы өз бастауын алды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлау аясында Қазақстан жастарының конгресі "Жаңа дем" пилоттық жобасын жүзеге асырды. 2016 жылдың 21 қыркүйек күні  Екібастұз қаласының жастары Екібастұз ауданындағы Ә.Марғұлан атындағы ауылында жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жоба мақсаты – қала жастарының активімен шалғай ауылдардағы жөндеу жұмыстарын қажет ететін үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, қала жастары мен ауыл жастарының қатынасуына мүмкіндік жасау және ауыл жастарына мастер-класстар, тренингтер өткізу. Жоба ұйымдастырушысы «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ. Павлодар облысындағы жоба қолдаушысы – «Нұр Отан» ХДП-ның Екібастұз қалалық филиалы.

«Жаңа дем» бағдарламасы ауылдық елді мекендердің жандануына және оларға қолдау көрсетіп, жастарды көркейтуге шақыруға бағытталған.

Қала жастарынан құралған еңбек жасақтарының мүшелері Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының 25 ауылдық жерлерінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда 9 ауыл бойынша қажет еткен әлеуметтік қорғалмаған отбасылар, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер үйлеріне әрлеу жұмыстары атқарылды.

2
0
707

Осы тақырып бойынша

Павлодар облысында шағын ауылдарды дамыту бойынша «Жаңа дем» бағдарламасы өз бастауын алды - Yvision.kz