Мазмұнға өту

Жаңа

Ресейлік сарапшы қазақстандық фермерлерге ауыл шаруашылығы кооперацияларына бірігуді ұсынады

Ресейлік сарапшы, Академик Л.К. Эрнст атындағы бүкілресейлік мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Николай Стрекозов Strategy2050.kz АА-ға берген айрықша сұхбатында АӨК-де ауыл шаруашылығы кооперацияларын құрудың несімен пайдалы екенін айтып берді.

Статистикалық деректер бойынша, сүт индустриясының дамуы шетелдік капиталы бар сүт өңдеу жөніндегі ірі компанияларға негізделеді. Жеке қосалқы шаруашылықтардан өндірілген сүттің 30,6%-ы ғана өңдеуге жіберіледі, қалғаны жеке өндірушілерде қалады.

Жалпы, сарапшы өндірілген сүттің 60%-ы зауыттарға өңдеуге жіберіледі, ал 40%-ы өндірілген жерінде қалады деп хабарлады.

Оның пікірі бойынша, егер кооперация анағұрлым қарқынды дамыса, жеке және ауыл өндірушілерінен сүт алуды, инфрақұрылым жасауды қамтыса, жағдай одан да жақсы болар еді. «Бұл мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс мәселелердің бірі – оны өңірлік деңгейде шешу оңай емес», - деп атап өтті ол.

«Жеке қосалқы шаруашылықтардың 14%-дан астамы ірі қара малға ие, жеке қосалқы шаруашылықтардың көбі көкөніс, картоп, жеміс өсіреді, фермерлер өздерінің шаруашылықтарын мал өсіру шаруашылықтарына айналдыруға асықпайды  -  бұл осындай кооперация болған жағдайда олардың дамуы анағұрлым сәтті болатынының бір көрсеткіші», - деді сарапшы.

Осылайша, Н. Стрекозов жеке қосалқы шаруашылықтарға фермерлік шаруашылықтарға кооперацияны дамытуды ұсынады, сол кезде, оның ойынша, бұл бағыт жылдам әрі сәтті дамиды.

«Мен Қазақстандағы жағдай Ресейдегі жағдайға ұқсас деп ойлаймын,  жалпы ел бойынша өнімділік деңгейі бізге қарағанда біршама төмен, бірақ жақсы жетістіктердің, жоғары сауынды жақсы табындардың бар екені сөзсіз», - деді ол.

Н. Стрекозов  Қазақстанға елде жүргізіліп жатқан фермерлерді оқыту бағдарламасын бағалау жөніндегі сарапшы ретінде шақыру бойынша келгенін атап өтейік.

«Осы оқыту семинарларында мен Ресейдің сүтті мал шаруашылығы саласындағы тәжірибесі туралы, бізде қандай проблемалар орын алатынын және олардың қалай шешіліп жатқанын айтып беруге тырыстым», - деп мәлімдеді ол.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ұлт жоспары шеңберінде агроөнеркәсіп кешені ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатынын еске сала кетейік, ол ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және оны өңдеу және тұтынушыға жеткізу салаларын қамтиды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін өндіріс құралдарымен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, АӨК халық шаруашылығының маңызды бөлігі болып табылады, бұл жөнінде Президентіміздің Жолдауында айтылған. Онда ауыл шаруашылығы АӨК басты бөлімі болып табылатын агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті кемінде екі есе арттыру қажет делінген.  Ол оның негізгі өндірістік қорларының 70%-ға жуығына шоғырлана отырып, Қазақстан аумағындағы АӨК барлық өнімінің жартысынан астамын береді.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
373

ЭКСПО аумағындағы нысандардың құрылысы 90 %-ға аяқталды

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, 20 қазан. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағындағы тұрғын үйлердің құрылысы 90 %-ға аяқталды. Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев құрылыс барысымен танысты, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.

«Бәйтерек» холдингі өзінің еншілес ұйымы «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрме аумағындағы тұрғын үйлердің, сауда-ойын-сауық орталығының құрылысын инвестициялайды.

Ауданы 107 мың шаршы метр (1374 пәтер) 42 тұрғын үй салынды. Үйлерге сыртқы және ішкі желілер жеткізілді, пәтерлерді ішкі әрлеу, үйлердің қасбеттерін әрлеу аяқталды, аумақты көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғын үй кешендерінде паркингтер, сондай-ақ коммерциялық үй-жайларға арналған аудандар көзделген. Құрылыс-монтаждау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде.

Халықаралық мамандырылған көрмені өткізу кезінде пәтерлер халықаралық қатысушыларды орналастыру үшін көрменің ұйымдастырушыларына жалға беріледі. Көрме аяқталғаннан кейін нарықтық талаптармен тұрғын үйлердің сатылуы жоспарланады.

Жалпы ауданы 138 мың шаршы метрді құрайтын сауда-ойын-сауық орталығының құрылысы аяқталып қалды. Сыртқы коммуникациялар жеткізілді, ішкі желілерді салу, ғимараттың ішкі және сыртқы әрленуі, сондай-ақ іргелес аумақты көріктендіру жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр.

Тұрғын үй объектілері мен сауда-ойын-сауық орталығын пайдалануға енгізудің болжамды күні – 2016 жылғы 1 желтоқсан. Объектілерді салу кезінде 3,7 мың жұмыс орны құрылды. Осы нысандар пайдалануға енгізілгеннен кейін шамамен 2,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

«Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «Бәйтерек девелопмент» АҚ қаржыландыратын тағы бір нысан – бұл «Аура» бизнес орталығы. Жалпы ауданы 38 086 ш.м. іскерлік кешен ЭКСПО-2017 көрмесінің жанында орналасқан. 2018 жылғы 1 тоқсанда пайдалануға беріледі деп күтіледі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
448

Қазақстанның ұлттық брендін анықтау бойынша байқауға мыңға жуық өтініш келіп түсті

Қазақстанның ұлттық брендін анықтау бойынша байқауға мыңға жуық өтініш келіп түсті, деді Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасының ұлттық брендін анықтау бойынша байқаудың аралық нәтижелеріне арналған брифингте ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

«Логотип елдің барлық ерекшеліктерін қамтуы керек, автор барлығын сыйдыруға тырысуы керек. Біздің жетістіктеріміз бен артықшылықтарымыз көп, жұмысты тиянақты атқаруға тырысамыз. Біз Қазақстан халқына өздерінің көзқарастарын білдіріп, ұлттық брендті қалыптастыруға ұсыныс жасауын сұрадық», -  деді Д.Абаев.

Байқаудың мақсаты – ашық байқау арқылы Қазақстан Республикасының  ұлттық брендін қалыптастыру бойынша ең жақсы ұсынысты әзірлеу және анықтау.

2016 жылғы 31-тамыздан 15-қазанға дейінгі аралықта байқауға 965 өтініш қабылданды.

«Қазіргі уақытта байқаудың I кезеңі – интернет-қолданушылардың дауыс беруі өтіп жатыр. Барлық түскен жұмыстар Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ресми сайтында орналастырылған. Әрбір азамат ұнатқан жұмысына SMS-хабарлама жіберу арқылы дауыс бере алады. Интернет-қолданушылардың дауыс беруі 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі», - деді министр.

Дауыс беру нәтижесі бойынша Ресми сайтта ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өтетін кемінде 5 үміткер-жұмыс анықталады. Екінші кезеңде авторлар Сарапшылық кеңесті өздерінің тұжырымдамаларымен таныстырады.

«Сарапшылық кеңестің құрамына атақты қоғам және саяси қайраткерлер, мемлекеттік органдардың, мәдениет және өнердің өкілдері кіреді. Жеңімпаз 5 000 000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға ие болады, ал байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылардың барлығы 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен ынталандырылады», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, байқау ағымдағы жылдың 31-тамызында басталған. Конкурсқа ешқандай шектеусіз барлық қалаушылар қатысты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
398

ШҚО-дағы инвестфорумда 255 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды

Өскемен қаласында өтіп жатқан «Altai Invest-2016» Халықаралық форумының аясында 14 мемлекеттен келген қатысушыларға Шығыс Қазақстан экономикасының әртүрлі салалары бойынша құны 927 млрд теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаның тұсаукесері өткізілді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

20-21 қазан күндері Өскемен қаласында «Аltai Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтуде. Оған әлемнің 14 мемлекетінен 300-ден астам делегат қатысуда.  Олардың қатарында шет елдік және қазақстандық қаржы институттарының өкілдері, Ауғанстан, Болгария, Испания, Италия, Канада, ҚХР, АҚШ, Словакия, Жаңа Зеландия, Ресей, Польша, Тәжікстан, Түркия, Чехиямемлекеттерінің инвесторлары мен дипломаттары бар.

Инвесторларға облыстағы агроөнеркәсіп кешені, энергетика, туризм салалары бойынша 927 млрд теңгені құрайтын 84 жоба таныстырылды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында 22 инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар құрылысына қатысу ұсынылды. Сонымен қатар туризм саласын дамыту мақсатында 278 га құрайтын 46 әлеуетті аумақ таныстырылды. Бұл жобалар жүзеге асырылса, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылмақ.

«Мемлекет басшысы инвестициялық әлеуетті жақсарту, қазақстандық және шетелдік инвесторлармен іскерлік және әріптестік байланыстарды нығайту саясатын жалғастырып отыр. Осы ретте аталмыш форумның біздің облыс үшін маңызы зор. Біз жаңа идеяларға, инновация мен инвестицияға жол ашатын заманауи экономиканы құру моделін таңдап отырмыз. Барлық инвесторларға қол ұшын беріп, өзара ықпалдастық орнатуға шақырамыз», - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов форумның ашылу салтанатында.

Форумның пленарлық мәжілісінің соңында Шығыс Қазақстан экономикасының әртүрлі салалары бойынша 218 млрд теңгені құрайтын 9 келісім құжаты мен меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, өнеркәсіп және энергетика, агроөнеркәсіп кешені, туризм және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік салалары бойынша өткізілген роуд-шоулардың аясында жалпы құны 35,3 млрд теңгені құрайтын 29 меморандумға қол қойылып отыр. Жалпы Форум қорытындысы бойынша 255 млрд теңгеге жуық 38 құжатқа қол қойылды.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
347

Алматы облысында ШОБ-та жұмыс істейтін адам саны 30 мыңға артты

Алматы облысында ШОБ-та жұмыс істейтін адам саны 30 мыңға артты, бұл туралы Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов 9 айдың қорытындысына арналған отырыста мәлімдеді.

«Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 404,5 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 101,6%. Дәнді масақты дақылдар, картоп, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, жүзімді жинау аяқталды. Жүгері, күріш, майлы дақылдар мен қант қызылшасын жинау жалғасуда. Барлығы 773,2 мың тонна астық бастырылды немесе өткен жылға қарағанда - 108,4%», - деді ол.

Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны өткен жылға қарағанда 30,0 мың адамға артып, 281,9 мыңды құрады. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке 36,9 млрд. теңге түсті, жергілікті бюджет көлеміндегі үлесі 2015 жылдың сәйкес кезеңінде 27% болса, қазірге кезде 37%-ті құрайды.

Жалпы биылғы жылы кәсіпкерлікті қолдауға 15,4 млрд.теңге көзделді, бұл 2015 жылдан 2,7 есеге (5,6 млрд. теңге)  көп. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы – 2020» аясында жалпы 32,8 млрд. теңге несие сомасына 225 жоба қамтылды.

Мұнан кейін Лаззат Махатұлы әлеуметтік салаға тоқталып, онда 52 объект салынатынын, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 27 мектеп және 3 балабақшаның құрылысы жүріп жатқанын атап өтті. Денсаулық сақтау саласында күрделі жөндеу жоспарланған 13 объектінің 6-уы аяқталды, қалғандары бойынша жұмыс кесте бойынша жүргізілуде.

Оң өсім құрылыс саласында, инвестиция тарту ісінде, орталықтандырылған су жүйесімен қамтуда да байқалады.

Баяндамасының соңында Л. Тұрлашов жыл соңына дейін атқарылатын міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, «Нұрлы жол», «Балапан», «Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламаларының шеңберінде ауқымды жұмыстарды жалғастыру қажет. Өнеркәсіп саласындағы жұмысқа екпін қосу керек. Жылыту маусымы тұрақты бақылауда болуы тиіс. Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасы үнемі қадағалануы керек.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
608

А гепатитінің профилактикасы

А вирустық гепатиті – вирус көзі науқас адам болып табылатын жіті инфекциялық ауру. Гепатиттің қоздырғышы – вирустардың ішек тобына жататын вирус.

Вирус организмге ішек инфекцияларына тән: су, тағамдық және тұрмыстық-қарым-қатынас жолдарымен түседі.

Бұл ретте берілу факторлары: лас қолдар, сондай-ақ вирус жұқтырған барлық заттар (азық-түлік, көкөністер, жемістер, жидектер, аскөк) болып табылады.

Жұқтыру шаруашылық-нәжіс ағындарымен ластанған су айдындарында шомылу кезінде болуы мүмкін. Сарғаюсыз, аурудың белгісі аз және субклиникалық нұсқалары бар адамдарда негізгі эпидемиологиялық маңызы бар. Вирус бауырды зақымдайды, вирус бөлшектері асқазан-ішек жолдарының сілемейлі  қабығы арқылы сіңіріледі және қан айналымының жалпы жүйесіне түседі.

Вирус сау адамның организміне түскеннен кейін жасырын өтеді,  инкубация деп аталатын жасырын кезең А гепатиті кезінде 14 күннен 35 күнге дейін созылады. Содан кейін аурудың белгілері пайда болады: дене қызуы көтеріледі, бас ауырады, тәбет төмендейді, әлсіздік, жүректің айнуы, құсу байқалады. Көптеген ауырған адамдарда катаралдық  құбылыс, тамақтың қызаруы байқалады. Зәр қараяды, сыраның түсіне ұқсайды, керісінше нәжіс ағарады.

А гепатитінің вирусы сарғаю пайда болғаннан бұрын науқастың нәжісімен бөліне бастайды, яғни сарғаю кезеңінің алдында пайда болады. Аурудың осы кезеңінде ауырған адамдар айналасындағылар үшін барынша қауіпті болып табылады. Сарғаю кезеңінің пайда болуымен (көздің ағының және тері жабындарының боялуы) вирустың бөлінуі күрт азаяды және жұқтыру күрт төмендейді. Ауырып сауыққаннан кейін тұрақты, өмірлік иммунитет пайда болады. Профилактика шараларын сақтау кезінде аурудың алдын алуға болады.

А гепатитінің профилактика шаралары:

- тамақ ішу алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан, серуеннен қайтып оралған кезде қолды жуу;

- ашық су айдындарынан қайнамаған суды ішпеу және онымен жемістер мен көкөністерді жуу;

- ағынды сулар түсуі мүмкін су айдындарында шомылмау;

- адамдар  болатын  үй-жайларда: үйде, жұмыста, қоғамдық тамақтану объектілерінде, сауда, коммуналдық, өнеркәсіптік үй-жайларда тазалықты сақтау;

- экзотикалық өнімдерді, әсіресе шикі устрицаны, мидия мен басқа да моллюскаларды тұтынбау.

А вирустық гепатитінің алдын алу үшін ерекше профилактика бар – вакцинациялау. Вакцинациялауға:

1) екі жастағы балалар;

2) А вирустық гепатиті ошақтарында байланыста болған күннен бастап алғашқы екі аптаны қоса алғанда, он төрт жасқа дейінгі байланыста болған адамдар;

3) 14 жасқа дейінгі балалар, В және С созылмалы вирустық гепатиттерімен ауыратын ремиссия кезеңіндегі адамдар жатады.

Бұдан басқа, егер сіз ыстық елдерге (Африка, Оңтүстік Шығыс Азия, Латын Америкасы) туристік саяхатқа баратын  болсаңыз, А гепатитіне қарсы  вакцинациялаудан өтіңіз.

0
0
1568

Хельсинкиде Н.Нығматулин Финляндиядағы ірі бизнес өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияға ресми сапары барысында өндірісшілер конфедерациясы, финдік экспортқа ықпалдастық, технология мен инновацияны қаржыландыру жөніндегі өкілдермен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында екі мемлекеттің экономикалық өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыға салынды.

Н. Нығматулин өз сөзінде  Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «қазақстандық даму жолының» ерекшеліктері турасында баяндады.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей,  Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдар ішінде ІЖӨ доллармен есептегенде 20 есе, орташа жалақы – 17 есе артып, 2 млн жұмыс орны ашылды.

Н.Нығматулин финдік компанияларды 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын бірлесе жүзеге асыруға және  агроөнеркәсіптік  кешенді жаңғырту саласындағы мүмкіндіктерді баса атап өтті.

“Қазақстанда басым бағыттарда жұмыс істейтін инвесторлар үшін ұжымдық табыс салығынан, 10 жыл мерзімге жер салығынан, 8 жылға мүліктік салықтардан босату сынды артықшылықтар қарастырылған. Сонымен бірге, нысандар пайдалануға берілгеннен кейін инвесторларға күрделі шығындардың 30 пайызы қайтарылады. Сондай-ақ, өткен жылы әлемнің 35 елі бойынша инвесторлар үшін визасыз режимнің тізімі кеңейтілді. Келер жылға дейін ол тізімнің көлемі 54 елге дейін жетуге тиіс. Олардың қатарында Финляндияның да бар екені өз-өзінен түсінікті”,-деп атап өтті Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, Қазақстан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне финдік әріптестерінің қатысуын асыға күтеді.  Себебі, Финляндия – Солтүстік Еуропа елдерінің қатарында Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі. Бұл мемлекет инвестиция көлемі бойынша солтүстікеуропалық елдер арасында екінші орынға ие.

Қазақстанда энергетика, телекоммуникация, көлік, кен орны, ауылшаруашылығы, сауда сынды басқа да салалар бойынша 70-ке таяу финляндиялық компаниялар жұмыс істейді.

Айта кетейік, Қазақстан Финляндияның Орталық Азиядағы ең ірі сауда және экономикалық әріптесі.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
281

Жамбыл политехникалық колледжінде ИИДМБ аясында мамандарды дайындау басталды

Жамбыл политехникалық колледжінде ИИДМБ аясында мамандарды дайындау басталды, деді өңірлік коммуникация қызметіндегі мәслихатта Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жамила Бекбатырова.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеті техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ) қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету, елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңғырту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткендей, халықты еңбекпен қамту мәселесін шешу үшін кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы тиіс. Осы мақсатта отандық өндірістерге қажетті білікті мамандар даярлаумен айналысатын облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру саласында елеулі жұмыстар атқарылуда.

2016-2017 оқу жылында 49 техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде (26 - мемлекеттік, 23 - мемлекеттік емес) 26 963 білімгер 89 мамандық, 133 біліктілік бойынша білім алуда.

2016-2017 оқу жылына - 8504 білімгер қабылданып, оның 7129-ы күндізгі бөлімде білім алуда.

2016 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімді мамандар дайындауға 56 мамандық бойынша 4123 орын бөлінді, оның ішінде жұмысшы мамандықтар көлемі - 2456 (59,6%) орынды құрады. Бөлінген мемлекеттік тапсырыс көлемі 2015 жылға қарағанда 383 орынға артты.

Сонымен қатар спикердің мәлімдеуінше, Жамбыл политехникалық колледжінде 2016-2017 оқу жылына «Есептеу техникалары және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырыс негізінде 100 орын бөлініп аталған мамандықтар ағылшын тілінде оқытылатын болады.

2016-2017 оқу жылында 31 колледжде 28 мамандық бойынша оқытудың дуалды жүйесі енгізіліп, оған 2530 білімгер қамтылды. Дуалды оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестермен 153 келісімшарт жасалды Сондай-ақ, әлеуметтік серіктесті үйлестіру мақсатында техникалық және кәсіптік білім мекемелері ірі өндіріс орындарымен, шаруа қожалықтарымен, басқа да мүдделі мекемелермен білім алушыларды өндірістік практикадан өткізу және жұмыспен қамту мақсатында 1676 келісімшарттар мен меморандумдар (2015-2016 оқу жылында 1361) жасап білімгерлерді өндірістік практикадан өткізу үшін әлеуметтік серіктестер тарапынан 14800 орын қарастырылды. 2016-2017 оқу жылына техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде жұмыс берушілер есебінен 4,9 млн. теңге бөлініп, 60 білімгер кәсіптік біліммен қамтылып отыр.

«Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды» жүзеге асыру - білім беру ұйымдарының басты міндеті.

77-ші қадамға сәйкес елімізде жүзеге асырылатын инновациялық жобаларды кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл политехникалық колледжі «Ең үздік 10 колледж» қатарына енгізіліп, 2 мамандық бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын Австралиялық және Германдық әдістеме бойынша жасап, алдағы оқу жылынан бастап мамандар дайындамақ.

Алдағы уақытта облыстық білім басқармасы ТжКБ ұйымдары желісін оңтайландыру жұмыстарын жалғастыратын болады, - деді Жамила Елеуқызы

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
968

Я. Пейшэн: Н. Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды беделді елге айналдырды

Дипломатияның жетілуі, қол жеткізілген мақсаттар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамалары Қазақстанды «үлкен» елге айналдырды. Бұл жөнінде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн «Н. Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі және қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері» атты халықаралық саясаттанушылар конгресі барысында айтты.

«Қазақстан аумағы жағынан – үлкен ел, ал халық саны жағынан – кішкентай. Бірақ дипломатиялық стилі мен жетілуі, қол жеткізілген мақсаттары, танымалдылығы жағынан Қазақстан «үлкен» ел болып саналады», - деп атап өтті Я. Пейшэн.

Сонымен бірге сарапшы Қазақстанның инновациялар рухы, тұрақты белсенділік және үдемелілік, құнды инклюзивтілік сияқты төрт дипломатиясын атап өтті.

«Инновациялар рухы: Азиядағы өзара іс-қимыл және сенімділік шаралары жөніндегі жиналыс, әлемдік және дәстүрлі дінбасылардың съезі, ЕАЭО құру бастамасы және басқа да жүзеге асырылатын маңызды бастамалар. Тұрақты белсенділік және үдемелілік: Президент Н. Назарбаев қай жерде болмасын, сыртқы әлемдегі әріптестермен ынтымақтастық жасау мүмкіндігін жібермейді. Құнды инклюзивтілік: Қазақстанның барлық жерде достары бар. Ресеймен және Қытаймен, сондай-ақ басқа да елдермен тығыз әрі тұрақты достық қарым-қатынас орнатылған. Мемлекет ЕО-мен және АҚШ-пен іскерлік байланыс орнатты. Президент тек екіжақты қарым-қатынастарда ғана емес, сонымен қатар көпжақты қарым-қатынастардағы проблемаларды шешуде кең пейілділік пен икемділік көрсете алады», - деді Я. Пейшэн.

Сарапшының пікірі бойынша, Қазақстанның сәтті дипломатиясы елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік саласын дамыту үшін сыртқы қолайлы жағдайлар жасады.

«Қызықстан мен Қытай БҰҰ, АӨСШЖ, ШЫҰ және басқа ұйымдар шеңберінде бірқатар өңірлік және халықаралық проблемаларды тығыз үйлестіреді. Алдағы екі жыл ішінде Қазақстан БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Қытаймен, Ресеймен және БҰҰ ҚК басқа да мүшелерімен бірге бір үстел басында жұмыс істейді. Біз әр түрлі жаһандық проблемаларды шешуге жаңа үлес қоса алатынымызға және әлем Қазақстанды ести алатынына сенімдімін», - деп қорытты қытай дипломаты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
517

ҚР-ның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы елдің мәртебесін көрсетеді - Я.Пейшэн

ҚР-ның 2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы елдің мәртебесін көрсетеді , деді Астанадағы «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресінде Қытай Халық Республикасы сыртқы істер министрлігінің елшісі Яо Пейшэн.

««Әлем. XXI ғасыр» Манифесті  - жауапкершілгі мол елдің дауысы. Елбасы Н.Назарбаев әлемдегі болып жатқан жағдайларды бағалап қана қоймай, олардың салдарына жауап қайтару жолдарын іздейді. Ол жердегі қауіпті тенденцияларды айтып өтті. Бізді әлемде кейбір мемлекеттердің дағдарыстан екістандарттық саясатты қолданып жатқаны алаңдатты. Олардың кесірінен әлемде қанша ана мен бала қаза тапты», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, манифест Қазақстан көшбасшысының стратегиялық ойлауын  көрсетіп отыр.

«Біздіңше, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мол. Мәселен, 25 жыл бұрын Н.Назарбаев  ұжымдық қауіпсіздікті құру идеясын ұсынды, ол Азия континенті елдерін біріктіріп отыр, оған қоса АӨСШК кеңесін өткізуді ұсынған болатын. Оның өзегі жаңа жағдайда жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда 26 ел аталмыш ұйым құрамына енген. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел болды», - деді Я. Пейшэн.

ҚХР СІМ елшісі айтқандай, «Әлем. XXI ғасыр» Манифесті   барша адамзаттың тағдырына қатысты құжат.

Оның айтуынша, ҚР-ның  2017-2018 жылдары Біріккен Ұлттар ұйымының   Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесіне   сайлануы  елдің мәртебесін  көрсетеді.

Айта кетейік, Астанада «Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесті» саясаттанушылардың халықаралық конгресі өтті. Оның жұмысына Ресей мен Қытайдың сарапшылары мен ғалымдары, отандық саясаттанушылар, ғылыми-сараптамалық орталықтардың мамандары, профессорлар мен жоғарғы  оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Ақпарат көзі: strategy2050.kz

0
0
349